Логин     Пароль   
 Тiркеу
ҚР Кәсіби бухгалтерлері палатасының Жаңалықтары
11.05.2014

ҚР Кәсіби Бухгалтерлер Палатасына мүше болып кіру үшін ұсынылатын құжаттар Тәртібін Жеңілдету

ҚР Кәсіби Бухгалтерлер Палатасына мүше болып кіру үшін ұсынылатын құжаттар Тәртібін Жеңілдету

Бухгалтерлердің Кәсіби Ұйымы «Қазақстан Республикасының Кәсіби Бухгалтерлер Палатасы» әлеуетті мүшелеріне мүше болып кіру үшін тапсырылатын құжаттар тәртібін жеңілдетті және заңды тұлғаларға арналған мүшелік жарналар көлемін азайтты.

Бухгалтерлердің Кәсіби Ұйымы «Қазақстан Республикасының Кәсіби Бухгалтерлер Палатасы» (ары қарай мәтін бойынша Палата) әлеуетті мүшелерге Палатаға мүше болып кіруді максималды түрде жеңілдетуді және Палата мүшелеріне максималды түрде қызмет көрсетуді көздейді. .

24 сәуір 2014 жылы Палатаның директорлар кеңесінің шешімімен ережеге келесідей өзгертулер енгізілді:

Жеке тұлғаларға:
1) құжаттар көшірмелерін нотариалды растау қажеттілігін жою.
2) СТН көшірмесін талап етуді жою.
Заңды тұлғаларға:
1) құжаттар көшірмелерін нотариалды растау қажеттілігін жою.
2) электрондық үкімет порталымен ұйымдастырылған тіркелуден өткен заңды тұлға, филиал немесе өкілдік жайлы салық органдарында есепке тұрғандығы туралы куәлік көшірмелерін беруді ауыстыру.
3) 2014 жылы жылдық мүшелік жарна көлемінің өзгеруі, барлық заңды тұлғаларға жалпыға ортақ жылдық жарна 100 АЕК орнаны келесідей көлемде:
• Ірі кәсіпкерлік субъектісі 100 АЕК, оның ішінде 50 АЕК Палата мүшесі болып табылатын 10 қызметкеріне (10 мүшеге 5 АЕК).
• Орташа кәсіпкерлік субъектісі 50 АЕК, оның ішінде 25 АЕК Палата мүшесі болып табылатын 5 қызметкеріне (5 мүшеге 5 АЕК).
• Кіші кәсіпкерлік субъектісі 20 АЕК, оныі ішінде Палата мүшесі болып табылатын 2 қызметкеріне (2 мүшеге 5 АЕК).
• Жеке кәсіпкер 15 АЕК төлейді, оның ішінде Палата мүшесі болып табылатын 1 қызметкеріне (өзіне), (1 мүше 5 АЕК).
• Коммерциялық емес ұйым 10 АЕК, оның ішінде Палата мүшесі болып табылатын бір қызметкеріне (1 мүшеге 5 АЕК).

Мысалы:
Егер Палатаға мүше болып кіруге заңды тұлға ұсыныс жасаса, онда бұл заңды тұлға 20 АЕК көлемінде жылдық төлемін төлейді, ол төлемнің ішінен заңды тұлға жеке тұлғаның жылдық мүшелік жарнасына есептеуге құқығы бар, өз қызметркелреіне, 10 АЕК. Жеке тұлғаларға жылдық жарна 5 АЕК мөлшерлемесі болған жағдайда екі заңды тұлға қызметкерлеріне. Осыған орай, заңды тұлға төленген 20 АЕК ішінен Палата мүшесі болып табылатын өзіне және өз қызметкерлеріне 10 АЕК көлемінде төлейді.
Палатаға мүше болып кіруге құжаттар көшірмесін нотариалды түрде растаудың қажеттілігі жоқ!

Бұл ережені енгізген уақытта Палата берілген құжаттарадың анықтылығына жауапкерішілік алады және құжаттарды іріктеп тексеруге құқығы бар.

Басқарма төрағасы
Алимбетов Н.О.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Распечатать
























Сайттың жаңартуын дата:
02.06.2014

Введите свое имя и телефон. Вам перезвонят.