Логин     Пароль   
 Тiркеу
Сертификация
ҚР Кәсіби Бухгалтерлер Палтасына Қалай Мүше болуға болады?

Палатаға мүше болу үшін жеке тұлғаларға келесі құжаттарды тапсыру қажет:

    • • Түйіндеме
    • • Жеке куәлік көшірмесі, ЖИН;
    • • Жоғарғы білім жайлы диплом көшірмесі (нотариалды расталған);
    • • Еңбек кітапшасы көшірмесі (нотариалды расталған) немесе соңғы рет жұмыс атқарған орыннан ЕК көшірмесі (ұйымның мөрімен расталған);
    • • Емтихандар қорытындылары көшірмесі (СІРА программасы бойынша сертификаттар алғанда);
    • • Мүшелік жарналарды төлегені жайлы түбіртек көшірмесі;
    • • 2-фотосурет (3x4 өлшемде, түрлі-түсті).

Палатадағы мүшелік екі дәрежеден тұрады: толық мүшелер және ассоциирленген мүшелер.

Палатаның толық мүшелері болып:

1) Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлері
2) Халықаралық бухгалтерлер одағының тұрақты мүшесі болып табылатын, шет елдік институттан берілген сертификаттары бар бухгалтерлер
3) Палатаға мүшелік жайлы Ереженің тізіміне сәйкес Палатаның және/немесе басқа да институтпен берілген сертификаты бар бухгалтерлер

Палатаның ассоциирленген мүшелері болып:
1) қандай да бір сертикаты жок немесе оқу барысындағы жеке тұлғалар, бухгалтерлер.
2) бухгалтерлік есеп саласында қызмет көрсететін бухгалтерлік ұйымдар, заңды тұлғалар.

Ассоциирленген мүшелер келесі санаттарға бөлінеді:

1) кәсіби бухгалтерге кандидат
2) ассоциирленген бухгалтер
3) бухгалтер - техник
4) бухгалтер - студент
5) кәсіп көшбасшысы
6) құрметті мүше
7) әуесқой бухгалтер
8) серіктес – мекеме
9) бухгалтерлік ұйым

Толық мүшелікке ену бойынша өтініш көшіріп алу

Ассоциирленген мүшелікке ену бойынша өтініш көшіріп алу

Мүшелік жарналар

«ҚР кәсіби бухгалтері» сертификаты иелеріне арналған кіріс мүшелік жарнасы:
5 АЕК: 8655 теңге – мүшелік жарна, мүшелік билетке 800 теңге және біліктілікті арттыру жайлы куәлікке 1000 теңге.
Барлығы: 10 455 теңге.

«САР» сертификаты иелеріне кіріс жарнасы: 5 АЕК - 8655 теңге – мүшелік жарна, 2 АЕК- 3462 теңге САР сертификатын жасауға, мүшелік билетке 800 теңге және біліктілікті арттыру жайлы куәлікке 1000 теңге.
Барлығы: 13 917 теңге.

«СIРA» сертификаты иелеріне кіріс мүшелік жарнасы:
5 АЕК - 8655 теңге – мүшелік жарна, 3 АЕК- 5193 СІРА сертификатын жасауға, мүшелік билетке 800 теңге және біліктілікті арттыру жайлы куәлікке 1000 теңге.
Барлығы: 15 648 теңге.

Ассоциирленген мүшелерге (жоғарыда көрсетілген сертификаттары жок тұлғаларға) арналған кіріс мүшелік жарнасы:
5 АЕК - 8655 теңге – мүшелік жарна, мүшелік билетке 800 теңге
Барлығы: 9 455 теңге.


Мүшелік жарнаның төлемі тек банк арқылы қабылданады. Мүшелік жарнаны Центр Кредит Банкінің бөлімшелерінен «Жылдам жәрдем» жүйесі бойынша төлей аласыздар.

СІРА программасы бойынша сертификаттарды алу құжаттары 25 шілде 2013 ж. дейін қабылданады. СІРА екідеңгейлі программасы бойынша сертификаттарды беру 15 тамыз 2013 ж. кейін жүргізіледі.

Бухгалтерлердің Кәсіби ұйымы «Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлер Палатасы» деректемелері
СТТН – 600300511060
ЖИК – KZ198560000000076572 (мүшелік жарналарға)
ЖИК – KZ038560000005937018 (семинарларға)
БИК – KCJBKZKX
КБЕ – 18
ТБК – 120
БИН – 080440011737
ААҚ «БанкЦентрКредит» АҚБ-не

Заңды тұлғаларға келесі құжаттарды тапсыру қажет:
    • • Өтініш
    • • Жарғы көшірмесі (нотариалды расталған)
    • • БИН номері
    • • Тіркелу жайлы куәлік көшірмесі
    • • Мүшелік жарналарды төлеу жайлы құжат көшірмесі
    • • Бухгалтерлер және олардың біліктілігі жайлы тізім (халықаралық-расталған немсе ұлттық сертификаттардың болуы).



Заңды тұлғаларға мүшелік жарна жыл сайын 100 АЕК (173 100 теңге) құрайды.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Распечатать
























Сайттың жаңартуын дата:
02.06.2014

Введите свое имя и телефон. Вам перезвонят.