Логин     Пароль   
 Тiркеу
ҚР Кәсіби бухгалтерлері палатасының Жаңалықтары
24.02.2014

«Есеп 2014» Қазақстандық Бухгалтерлер Конференциясы

12-14 ақпан 2014 жылы БКҰ «Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлер Палатасы» Алматы, Астана қалаларында өткізілген Учет.кз ақпараттық порталы ұйымдастырған ірі конференцияға қатысты.
Конференция өткізілген күндері 5000-нан астам Қазақстанның барлық аймақтарынан жиналған тыңдаушылар тегін қатысуға, өзекті тақырыптарда оқылған баядамаларды тыңдауға және қажетті сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.
Қазақстанның салық салу саласындағы ең мәртебелі сарапшылары қазыргі уақытта орын алған ең өзекті мәселелер бойынша анықтамалар берді:
2014 жылдан бастап күшіне енген Салық кодексіндегі өзгертулер;
2013 ж. КТС бойынша жылдық есеп, ф. 100.00 толтыру.
БКҰ «ҚР кәсіби бухгалтерлер Палатасы» басқарма Төрағасы Нұрлан Алимбетов конференция қатысушылары алдында алғысөз сөйледі.
Конференция қатысушыларына Учет.кз ақпараттық порталы, «ПрофиТренинг» сертификаттау бойынша ұйымы және бухгалтерлердің кәсіби ұйымы «Қазақстан Республикасының Кәсіби Бухгалтерлер Палатасы» арасында серіктестік туралы келісім жасалғаны жайлы хабарланды. Келісім Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтеріне емтихан тапсыру және олардың біліктіліктіліген арттыру, дайындау саласында осы үш ұйымның күш біріктіруін көздейді.
Конференция барысында арнайы көрме ұйымдастырылды, онда өз жұмысының кәсіпқойларымен формальды емес жағдайда ақпараттар бөлісуге, сонымен қатар Қазақстандағы бухгалтерлерге арналған жаңа сервистер туралы ақпараттар алуға мүмкіндік туды.
Конференцияның барлық қатысушыларына 2014 жылғы Салық Кодексінің нұсқасы таратылды.
БКҰ «ҚР кәсіби бухгалтерлер Палатасы» қызметкерлеріне Палатаның қызметі және артықшылықтары жайлы түсініктемелер берілді.
Конференцияға қатысқан БКҰ «ҚР кәсіби бухгалтерлер Палатасы» мүшелері коференцияға қатысқаны жайлы куәлік алды, ол куәлік біліктілікті арттырудың 8 академиялық сағаты ретінде есептеуге құқық береді.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Распечатать
























Сайттың жаңартуын дата:
02.06.2014

Введите свое имя и телефон. Вам перезвонят.