Логин     Пароль   
 Тiркеу
Сайт жаңалықтары
07.06.2013

Кіші және орта аудиторлық ұйымдардың мәселелерін шешу және мүмкіндіктерін пайдалануға ертеңгі күн ұсынатын көмектер

Кіші және орта аудиторлық ұйымдардың маңызы қандай?

Кіші және орта аудиторлық ұйымдар немесе КОАҰ әлемдегі аудиторлық ұйымдардың көп бөлігін құрайды, және көпшілік мемлекеттерде онда аудиторлық қызметтің тәжірибеші кәсіби бухгалтерлердің басым бөлігі жұмыс атқарады. КОАҰ жоғары сапалы кәсіби қызмет түрінің кең ауқымын ұсынады – дәсүрлі аудит, бухгалтерлік есеп және салық салу мен іскерлік кеңестер беру. Олар негізінен кіші және орта бизнес (КОБ) мекемелерін құрайтын өз тұтынушыларының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында үстеме құнын жасайды. КОБ әлемдік экономиканың өмір сүру бейімділігі және тұрақтылығы үшін маңызды болып табылады. КОБ мекемелеріне жеке сектордың ЖІӨ, жұмысбастылықтың, және глобольды дамудың көп бөлігі қатысты болып келеді, КОБ осы заманның бірден-бір ең терең экономикалық құлдыраудан кейін әлемдік экономиканы қайта құруды бақылауға алып отыр.

КОАҰ және КОБ ұшырайтын мәселелержі шешудің маңыздылығын БХО мойындайды. БХҰ да бұл пікірді мойындайды. БХО-ның ұйым-мүшелері президенттері мен бас атқарушы директорлары қатысуымен Халықаралық бухгалтерлердің жақында өткізген ғаламдық сауалнама көрсеткіштері КОАҰ және КОБ мәселелерін шешу 2012 жылы әлемдік бухгалтерлік кәсіпке ұшырасқа маңыздылығы бойынша екінші орында тұрған мәселе екендігін көрсетті.
Неліктен кіші және орта бизнес мекемелері әр түрлі кәсіби қызмет алу үшін КОАҰ қызметтерін жиі қолданады?

БХҰ құжатында көрсеьілгендей біздің өткізген ғаламдық зерттеу, КОБ КОАҰ –на әртүрлі себептер бойынша кәсіби қызмет алу үшін қызметтер түрін қолданады, бірақ негізінен КОАҰ-ның беделіне қарап қолданады, олар – біліктілік және жауапкершілік, пайда болған мәселелерді ілтипатқа алу және географиялық жақындық болып табылады.

Қандай себеп бойынша БХҰ кіші және орта аудиторлық ұйымдар Комитетін құрды? Оның атқаратын ролі қандай?

КОАҰ-ның маңыздылығын, әсіресе кіші және орта бизнеске қолдау көрсетуінің маңыздылығын мойындау үшін, 2006 жылы БХО кіші және орта аудиторлық ұйымдар бойынша Комитетін (КЛҰК) құрды. Содан бері БХО негізінен ұйым-мүшелердің өтініші бойынша сенімдіжұмыс атқаратын КОАҰ құру мақсатында өз көмегін көбейтуде. Қазыргы таңда Комитет КОАҰ қолдау көрсетудің әртүрлі әдістерін қолданады. Мұндай қолдаулардың басым бөлігі БХО мүшесі болып табылатын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Комитет методологиялық принциптері мен құралдарын жасайды және қамсыздандыру жұмыстарын жүргізеді. Комитет сонымен қатар КОАҰ атынан КОАҰ-ныңролі және құндылығы жайлы, кіші бизнес секторының маңыздылығы жайлы ақпараттандыру мақсатында мәлімдеме жасайды.

Сіз ғаламдық көріністе КОАҰ-ға қатысты қандай өзгерістер көріп тұрсыз?

Соңғы жылдары ғаламдық экономикада аудит индустриясына да қатысты айтарлықтай өзгерістер туындады. Сондықтан экономикалық жайдайда және нормативтік-құқықтық ортада КОАҰ-дың әрдайым өзгеріске ұшырап отыратындығы ғажап емес, олар бір жағынан айтарлықтай мәселелермен сипатталса, екінші жағынан төртінші тоқсан бойынша IFAC SMP Quick Poll жылдам сауалнамасы қортындылары бойынша талдаса үлкен мүмкіндіктер береді. Сауалнама қорытындысы КОАҰ және олардың тұтынушылары – КОБ мекемелеріне реттеуші салмақ және экономикалық мәселелер негізгі мәселе екендігін көрсетті. Әрине, жалпы ортақ қорытындылар аймақтық шашуларды көрсетпейді. Бірақ КОАҰ үшін басты сабақ болып жаңа ғаламдық экономика жағдайында олардың даму бейімдігілі, уақытқа орай өзгеріп отыруы жоғары.

КОАҰ-ға кездесетін негізгі мәселелер қандай?

Төртінші тоқсанда БХО жүргізген КОАҰ (IFAC SMP Quick Poll) жылдам сауалнамасы барлық әлемнен жиналған 2,400-ден аса жауаптан тұрады. Еуропадан басқа, барлық аймақтарда тәжірибеші КОАҰ тұтынушылары – КОБ мекемелері үшін реттеу масылы негізгі мәселе болып табылад. Еуропада негізгі мәселе болып экономикалық екіұштылық табылды. Аудиторларға олардың ұйымдары көбінесе бірінші орында қандай мәселелерге ұшырайтындығы жайлы айтуды сұрағанда барлық аймақтарда дерлік жаңа стандарттарды және нормативтік актілерді сақтау деген болса, екінші орында – тұтынушыларды тарту мен ұстап тұруды айтты (Азияда бұл екі мәселе орын ауыстырды).
Сауалнама көрсеткендей сауалнамаға жауап берушілер 2012 жылды 2011 жылға қарағанда позитивті бағалайды, бірақ еуропалықтар басқа аймақтағы сауалнамаға жауап берушілерге қарағанда жылдың жағымды болатындығына күмәндәнді. Солайша әлемдік экономика жаңадан қалпына келтіріліп жатқандықтан, КОАҰ берілген мүмкіндіктерді қолдануы қажет.

КОАҰ экономикалық белгісіздікті және басқа да қиын мәселелерді қалай ұтымды шешсе болады?

КОАҰ үлкен мәселелерге кезіксе де, сауалнама көрсеткіші бойынша сауалнамаға жауап берушілер 2012 жылды 2011 жылға қарағанда позитивті бағалайды. Солайша әлемдік экономика жаңадан қалпына келтіріліп жатқандықтан, КОАҰ берілген мүмкіндіктерді қолдануы қажет.

Біріншіден, маркетинг және жылжыту саласындағы күшті жандандыру – сауалнама қорытындыларына байланысты, ұйымды марапаттау өсімі жаңа тұтынушылардан түскен тапсырыстарға байланысты болады. Бұл көлемі бойынша көбірек және «интелектуалды» күшті көбірек қолдануды талап етеді. Олар КОАҰ ерекшелендіретін, нақтырақ айтқанда – олардың білітілігі мен жауапкершілігіне орай жоғарғы бедел, туындаған мәселелерді ілтипатқа алу және географиялық жақындық. Аудитқа және қаржылық есептілікті дайындауға байланысты қызметтер ерекше назарды талап етеді, өйткені сауалнамаға жауап берушілер оларды қарқынды дамып келе жатқан пайда көзі ретінде қарастырады, және қаржылық есептілікті дайындау қызметі бәсекеқабілеттілігі аудиттің халықаралық стандарттары және қаржылық есептілікті дайындаудың жаңа стандарттарының сапасы кепілдемесі Кеңесінің шығарған көлемі бойыг\нша жоғарылап отырады.

Екіншіден, кеңес беру қызметіне көңіл аудару – салық салу және қаржылық менеджменттен жаңадан шыққан қызметтер арасында түрленіп отыратын, жағдайды басқару және тұрақты іскерлік практика сиақты бұл қызметтер КОАҰ дамуында маңызды сфера болып табылады. Сауалнама қорытындысына орай бұл сыера аудит және қаржылық есептілікке дайындақтан кейін ең қарқынды дамып келе жатқан сфера болып табылады. Бірақ, серіктестердің бөлген уақыт жеткіщліксіщдігі және тұтынушыларға көрсеткен маркетигтік қызметтер кеңестік қызметтер бойынша жұмыста «ең қиын мәселе» орнын алып отырғаны таң қалдырды.
Мұндай қорытындылар КОАҰ –на бұл уақытты жұмысқа жіберу үшін серіктестің, мүмкін ағымдағы баға негізінде бағақалыптастыруды пайдалану арқылы уақытын босату қажет екендігін болжайды. Сауалнаманың тағы бір көрсеткіші бойынша КОБ –тің кеңес беру қызметтеріне жүгінуінің негізгі себебі болып тұтынушылармен қарым-қатынас табылады. Бұл жағдай ұйымның тұтынушыларға бұл қызметтерді этика талаптарына сай жүргізу керектігін көрсетеді.

Әлем қалай өзгерді және онымен қоса КОАҰ қалай онымен бірге өзгере алады?

Біріншіден, интернационалдандыру – тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы, сонымен қатар инвестициялар экспоненциальды өседу, ал транспорт, ақпараттық технологиялар және байланыс инфрақұрылымы саласындағы айтарлықтай жетістіктер әлемді «кішірек» етеді. Соның себебінен, көптеген КОБ өз қызметін халықаралық деңгейде жасайды. Соған орай, КОБ мекемелеріне нәтижелі қолдау көрсеткілері келсе, КОАҰ-дың өздеріне интернационалану қажет. Тиімді бағыт болып стратегия табылады, оның құрамында халықаралық жүйеге қосылу немесе ұйымдар ассоцияциясы, халықаралық байданыстағы ұлттық мекемемен қосылу мүмкіндігі болуы мүмкін. Халықаралық жүйенің немесе ассоцияцияның құндылығы мүше-кәсіпорын өз тұтынушыларына ұсына алатын білімдерімен анықталады. Бұл кішкентай ұйым болса да тұтынушысына «ғаламдық» деңгейге жетуіне көмектесе алатындығын, сонымен қатар басқа да ірі кәсіпорынды таңдай алатын тұтынушыларына тұтынушыларын ұстап тұра алуын көрсетеді.

Екіншіден, жаңа технологияларды қолдану - «cloud computing» сияқты жаңадан шығып жатқан техгнологиялар кәсіпорын ұсыеған қызметтер көлемін үлкейту мүмкіндігін және «көп нәрсеге аз күш жұмысап» жету мүмкіндігін береді. Қазіргі уақытта КОАҰ КОБ-ке алыстан отырып та бастапқы есеп пен еңбек ақыны есептеуден бастап, қаржылық қызметті басқару қызметіне дейін қызметтің толық диапазонын көрсете алады, бұл қызмет қауіпсіз, берік және тиімді болып табылады. КОБ осы арқылы ірі компаниялар қолданатын ішкі кәсіби бухгалтер қызметін қолдану мүмкіндігін алады.

Шешім қабылдаушы тұлғаларға, реттеуші органдарға және норматворчестволық органдарға әлеуетті зардаптары қандай болады?

Ғаламдық экономикалық тұрақсыздық кезінде де КОАҰ және КОБ үшін реттеу және стандарттар мәселелері басты болып қалады. Олар үшін стандарттар талабын орындау ауыртпалықты болып келеді. Және бастапқы жүргізілген сауалнама қатысты бұл мәселенің мәні көп көлемде наормативтік актілердің және стандарттардың қиындығы мен көлеміне қарағанда өзгеру жылдамдығына байланыты.
Реттеу мақсаты – пайданы қамтамасыздандыру, мысалы, нарықтарға анық және нәтижелі жұмыс атқаруы үшін көмек көрсету. Бізге, мұндай шешімдердің ретту ауыртпалығын төмендететін және кең қолдансқа ие болып табылады. КОБ реттеу жүйесі реформасы КОБ прогресі үшін шектеулер туғызбауы қажет деп санайды: кіші бизнес секторына кері әсерін тигізетін шығындар мен қиындықтар жете қарастырылуы қажет. Оған қоса, халықаралық стандарттар КОАҰ және КОБ үшін жарамды, қолжетімді және экономикалық нәтижелі болулары қажет. Және бұл жерде бастапқы ролді Комитет атқарады, ол КОБ және КОАҰ қатысты реттеу және стандарттар үшін тұрақты платформа жасап, және оларды ұйым немесе мекеменің көлеміне байланысты пропорционалды қолдану мүмкіндігі болуы қажет.

Жеке КОАҰ-дар ғаламдық саясатты, реттеу программасын және стандартты бекітуде қандай роль атқарады?

КОАҰ-дын әлемдi жаксы жакка өзгертуге немесе өз үлесiн қосғаа күшiнiң жететiндiгiне күмәнданғанымен, КОАҰ-дың абсолюттiк саны жағынан күштiрек екендiгiн естен шығармау керек. Осыған орай, ұйымның қаншалықты кішкене екіндегіне қарамасатн, түсіндірмелер жазылған хат жіберу арқылы жазбаша түрде болса да, сауалнама немесе зерттеулер сұрақтарына жауап беру арқылы болса да, немесе КОАҰ Комитетінің бастамаларына қатысу арқылы болса да, әрбіреуіміздің өз ролімізді атқарғанымыз маңызды. Бірақ, негізігі мәселе, біркелкі, бірыңғай, айқын көрсетілген және ұжымдық ой-пікірлерді қамсыздандыру болып табылады. КОАҰ Кеңесі КОАҰ пікірін жеткізуде рупор ретінде шығуға ниет етуде. Кеңестің Пікірталастық панелі бар, ол он-лайн тәртібінде жұмыс атқарып, әрдайым сауалнамалар жүргізеді, және біз ұйым-мүшелерге оларды өз КОАҰ-на ғаламдық масштабдта бұл сектордың өкілдерінің пікірлерін білу мақсатында жіберуге кеңес береміз.

Халықаралық бухгалтерлер одағының кіші және орта бизнес практикасы бойынша Комиссиясы жайлы, оның БХҰ ұйым-мүшелерімен серіктестігімен КОАҰ-на көрсететін демеуі жайлы www.ifac.org/SMP веб-сайтынан көре аласыздар. .

Джанкарло Аттолини

Джанкарло Аттолини кіші және орта аудиторлық ұйымдар Комитеті Төрағасы болып 2012 жылдың қаңтар айында сайланды, 2010-11 жылдары ол Комитеттің төрағасы Орынбасары қызметін атқарды. Итальяндық ұлтыққ ассоциациясы (CNDCEC) атағына ие болды, 2008 жылдың қаңтар айынан бастап Комитет мүшесі, 2010 жылы Комитеттің төрағасы Орынбасары қызметін атқарды.
БХҰ Қорынан
Келесі қорлар (тегін) КОАҰ КОБ Комитетінің www.ifac.org/SMP вебсайтында орналасқан.
• Басылымдар:
o Guide to Practice Management for Small- and Medium-Sized Practices (кіші және орта аудиторлық ұйымдарды басқару тәжірибесі нұсқаулығы - PM Guide) және пайдаланушы Нұсқаулығы қосымша;
o Guide to Using ISAs in the Audits of Small- and Medium-Sized Entities (Кіші және орта бизнес субъектілері аудитінде халықаралық стандарттарды қолдану Нұсқаулығы - ISA Guide);
o Guide to Quality Control for Small- and Medium-Sized Practices (Кіші және орта ұйымдарға сапаны бақылау бойынша Нұсқаулығы - QC Guide); және
o The Role of Sumps in Providing Business Support to Seize (КБ кәсіпорындарына демеу көрсетуде КОАҰ-дың ролі)

• Әрбір тоқсандық жаңалықтар және Resources and Tools келесі салалардағы сәйкес жөнелтулерг: Business Advisory, Practice Management, және Implementation.

КОАҰ нұсқаулықтарының аудармаларын (толық біткен және аудырылып жатқан), тілдер бойынша бөлінген нұсқаларын «Publications and Resources» бөлімінде, БХҰ вебсайтынан оқи аласыздар: www.ifac.org/publications-resources.

Авторлық құқық © Наурыз 2012 жыл, Халықаралық бухгалтерлер Одағына тиесілі болып табылады. Барлық құқытар қорғалған. БХО рұқсатымен ғана қолдану керек. Көшіру, сақтау және берілген құжатты беруге рұқсат алу үшін БХО-мен электрондық пошта мекен-жайы бойынша хабарласыңыздар: permissions@ifac.org for permission to reproduce, store, or transmit this document.

Бұл мақаланы ағылшын тілінен Қазақстан Республикасының кәміби бухгадтерлер Палатасы аударған. БХО бұл аударма нақтылығына және толықтылығына немесе бұл мақаланы аударғанда пайда болған басқа да қызметтерге жауап бермейді.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Распечатать
























Сайттың жаңартуын дата:
02.06.2014

Введите свое имя и телефон. Вам перезвонят.