Логин     Пароль   
 Тiркеу
ҚР Кәсіби бухгалтерлері палатасының Жаңалықтары
09.07.2013

Бухгалтерлер Палатасының Семей қ-да өткізілген Республикалық Ғылыми-практикалық Конференциясына қатысуы

28 маусым 2013 ж. ҚР кәсіби бухгалтрлер Палатасы өкілдері Семей қ-ның кәсіби бухгалтерлер және аудиторлар Институтының 10 жылдығына арналған «Қазақстанда ҚЕХС-ын қолдануды сапалық бақылау» тақырыбында Республикалық Ғылыми-практикалық Конференциясына қатысты.

Конференция жұмысына бүкіл Қазақстаннан жиналған сарапшылар, ғылыми қызметкерлер және ірі кәсіпорындар басшылары қатысты.
Конференция республикалық масштабтағы елеулі оқиға болды, ол әр түрлі оқу орындарының өкілдерінің, ғылыми қызметкерлердің, университет және институттардың ғылыми қызметкерлерінің басын қосты, сонымен қатар шараға қатысқан бухгалтерлер мен аудиторларға тәжірибелік пайдасын әкелді.

Конференцияда басты баяндаманы Семей қ-ның кәсіби бухгалертерлер және аудиторлар Институты директоры - Мазибаев Б.И., «Қазақстанда ҚЕХС-ын қолдануды сапалық бақылау» тақырыбында кәсіби бухгалтерлер және аудиторлар Институты директорының орынбасары Мукашев А.М., ҚР кәсіби бухгалтерлер Палатасы Басқарма Төрағасы - Валиева А.Х. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының кәсіпті дамытудағы ролі» тақырыбында, «Хегай және К» аудиторлық фирмасының директоры Хегай И. В. – «ҚЕХС-ын Қазақстанда қолдану», Серикбаев атындағы ШҚМТУ доценті – Григорьева О.И. «ҚР салық салудың маңызды сұрақтары» тақырыбында оқыды.

Конференция барысында ҚР кәсіби бухгалтерлер Палатасының кәсіби сертификаттау методологиялық Орталығымен және Семей қ-ның кәсіби бухгалтерлері мен аудиторлары Институтымен бірлесіп жүргізген серіктестік барысындағы жетістіктер аталып өтті, онда 900-ден астам бухгалтерлер келесі программалар бойынша білім алды: «ҚР кәсіби бухгалтері», "Төлем әдісі бойынша бухгалтерлік есеп", «Кіші және орта бизнес кәсіпорындарына арналған бухгалтерлік есеп" және басқа да біліктілікті арттыру программалары. 80-нен астам ҚР кәсіби бухгалтері сертификаттары беріліп, 1000-нан астам біліктілікті арттыру сертификаты берілді.
Конференция барысында бухгалтерлік есеп және аудиттің әр түрлі салаларындағы мамандары тәжірибе алмасып, ойларымен бөлісті, ол өз алдына ары қарай кәсіпті дамытуға және кәсіби қарым-қатынас пен білімді нығайтуға септігін тигізеді.
Конференция қортындысы бойынша мақтау грамоталары мен ескерткіш сыйлықтар ұсынылды.

ҚР кәсіби бухгалтерлер Палатасы мүшелеріне Ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуы біліктілікті арттырудың міндетті 120 сағат көлемінде есептеледі.

Бухгалтерлер Палатасының Семей қ-да өткізілген Республикалық Ғылыми-практикалық Конференциясына қатысуы


Бухгалтерлер Палатасының Семей қ-да өткізілген Республикалық Ғылыми-практикалық Конференциясына қатысуы


Бухгалтерлер Палатасының Семей қ-да өткізілген Республикалық Ғылыми-практикалық Конференциясына қатысуы


Бухгалтерлер Палатасының Семей қ-да өткізілген Республикалық Ғылыми-практикалық Конференциясына қатысуы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Распечатать
























Сайттың жаңартуын дата:
02.06.2014

Введите свое имя и телефон. Вам перезвонят.