Логин     Пароль   
 Тiркеу
Сайт жаңалықтары
08.08.2012

IFAC Бухгалтерлерге Арналған Халықаралық Білім Стандарттарына Өзгерістер енгізуді Ұсынады

Бухгалтерлердің халықаралық одағы (IFAC) Бухгалтерлік есеп саласындағы халықаралық білім стандарттары бойынша комитет (IAESB) Халықаралық білім стандарттарына (ХБС) енгізілген өзгерістер жобасын қарастыруға ұсынды.

2 «Бастапқы кәсіби білім: арнайы құзырет» (International Education Standard (IES) 2 Initial Professional Development – Technical Competence),
3 «Бастапқы кәсіби білім: кәсіби дағдылар» (International Education Standard 3 (IES) Initial Professional Development – Professional Skills)
4 «Бастапқы кәсіби білім: кәсіби құндылықтар, этика, қарым-қатынас» International Education Standard (IES) 4 Initial Professional Development-Professional Values, Ethics, and Attitudes).

Жаңа жобалар CLARITY жобасының бір бөлігі болып табылады, оларды IAESB іске асырады.

ХБС негізінен IFAC мүшесі болып табылатын кәсіби ұйымдарға арналған, бірақ олар білім беретін ұйымдарға, жұмыс берушілерге, реттеуші топтарға, үкімет ұйымдарына және кәсіби бухгалтерлерді оқытумен айналысатын басқа да ұйымдарға арналған.
2 және 3 ХБС-ры кәсіби бухгалтер болу үшін қажетті білім мен дағдылар кешенін суреттейді. Мұнда негізгі акцент болашақ кәсіби бухгалтердің дағдыларын куәләндіратын қорытындыларға жасалынған. Жобаға деген көзқарастар 1 қараша 2012 ж. дейін қабылданады.
ХБС 4 білім беру программаларына қатысты этиканы, құндылықтарды, қарым-қатынастарды суреттейді. ХБС 4 жобасына деген пікірлер 11 қазан 2012 ж. дейін қабылданады.

Сонымен қатар, IAESB ХБС 7 «Біліктілікті арттыруды» (International Education Standard (IES) 7 Continuing Professional Development) қайта қарастырды, ол өз күшіне 1 қаңтар 2014 ж. енеді.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Распечатать
























Сайттың жаңартуын дата:
02.06.2014

Введите свое имя и телефон. Вам перезвонят.