Логин     Пароль   
 Тiркеу
Сайт жаңалықтары
17.04.2012

Консультативтік Органның Кезекті Отырысын өткізу Туралы Баспасөз-релизі

Қаржы министрлігі ағымдағы жылдың 20 сәуірде Қаржы министрі Б. Жәмішевтің төрағалық етуімен өтетін Консультативтік органның кезекті отырысын өткізуді жоспарлап отыр.

Мемлекеттік органдардың және бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби қауымдастықтарының өкілдерімен талқылау үшін күн тәртібіне мынадай мәселелер қамтылған:

1-ші мәселе: Орындалуы туралы ақпаратты беру:

1) Қаржылық есептілік депозитарийіне ұсынылатын ақпарат спектрін кеңейтуге қатысты Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2.8-тармағы;

2) жария мүдделi ұйымның бас бухгалтері лауазымына кәсіби бухгалтер тағайындалуына қатысты Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңның 9-бабының екінші бөлігі.

2-ші мәселе: «Аудит және есептілік стандарттары деңгейі» Бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексінің көрсеткішінің жақсартуы бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты кәсіби аудиторлық ұйымдарлармен ұсыну.

3-ші мәселе: Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған Қаржылық есептіліктің ұлттық стандартының жобасын қарастыру.

4-ші мәселе: Аудиторлық ұйымдар сапасын сырттай бақылау жүргізу бойынша Әдістемелік ұсыныстар жобасын талқылау.

Источник www.minfin.kz

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Распечатать
























Сайттың жаңартуын дата:
02.06.2014

Введите свое имя и телефон. Вам перезвонят.