Логин     Пароль   
 Тiркеу
Сертификация
Сертификат туралы

СІРА программасы (Certified International Professional Accountant: Сертификатталған халықаралық кәсіби бухгалтер) – бұл барлығын қамтыған кәсіби бухгалтерлерді сертификаттау бойынша орыс тілінде жүргізілетін халықаралық программа.

Программаның атауы СІРА – бұл сертификаттың ағылшынша атауының қысқартылған түрі СІРА (Certified International Professional Accountant). САР/СІРА сертификаттарының иелері халықаралық тәжірибеге сай өз қолтаңбаларымен қатар сертификат атауын қосып жазуға құқығы бар.

СІРА программасы үш компоненттен тұрады: оқыту, емтихандар жүргізу және сертификаттау.

Міндетті болып табылмайтын оқыту емтиханды сәтті тапсырып шығуға мүмкіндік туғызады. Оқыту аудиториялық және өзіндік дайындалу форматында жүргізіледі.

Әрбір қатысушы мемлекеттерге жеке жасалатын және ұлттық заңдылықтар мен салық салымдарына негізделітін салық және құқық дисциплиналарынан басқа СІРА программасы бойынша емтихандар барлық қатысушы мемлекеттер үшін бірыңғай түрде жүргізіледі. СІРА емтихандары сенімді және қатаң. Олар СІРА-ЕN.www.cipaen.kz тәуелсіз емтихандық жүйемен басқарылады.

СІРА программасы 2001 жылы Еуразиялық кеңестің сертификатталған бухгалтерлер және аудиторлармен (ЕССБА) АҚШ халықаралық даму Агенствосының көмегімен құрылған (USAID).www.eccaa.org

СІРА программасы келесідей деңгейлерден тұрады;

  • • қаржылық есеп 1,
  • • басқарушылық есеп 1,
  • • салық және заң,
  • • қаржылық есеп 2,
  • • басқарушылық есеп 2,
  • • аудит,
  • • қаржы,
  • • басқарушылық ақпараттық жүйелер.

СІРА программасы бойынша емтихандарды сәтті тапсыру САР және СІРА сертификаттарын алу үшін басты талап болып табылады.

Программа екі деңгейден тұрады: Сертификатталған тәжірибеші-бухгалтер (Certified Accounting Practitioner (САР) және Сертификатталған халықаралық кәсіби бухгалтер (СІРА). САР дәрежелі маман – ол book-keeper. Оның сертификаты мекеменің салықтық декларацияларымен қатар бухгалтерлік есебі жүйесін жүргізуге және барлық негізгі есептемелерді құру мүмкіндігін, сонымен қатар білім, оны қолдану, талдау сияқты білімдер дәрежесі бар екендігін дәлелдейді.

СІРА квалификациялы маман ол – accountant. Ол синтездеу және бағалау білімін көрсете алады. Ол тек есеп жүргізу және құрумен ғана емес, сонымен қатар аудит, басқарушық есеп, ақпараттық технологиялар, салық, қаржылық талдауды жүргізе алатын маман. Мұндай қызметкер кәсіби, кең ойлап, болжамлар жасап, шешімдер қабылдай алады. Ол қаржылық есепке, салық декларациясына немесе аудиторлық шешімдерге қол қоя алады.

СІРА артықшылықтары:

  • • квалификацияны халықаралық мойындау;
  • • беделді және жоғары ақылы жұмыс орнына тұру мүмкіншіліктерінің кеңдігі;
  • • мансаптық жоғарылау мүмкіндіктері;
  • • жергілікті және ұлтаралық компанияларда жұмысқа тұру мүмкіндігі.

Біліктілік талаптары
Біліктілікті жоғарылату

Ақпарат көзі: www.eccaa.org


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Распечатать
























Сайттың жаңартуын дата:
02.06.2014

Введите свое имя и телефон. Вам перезвонят.