Логин     Пароль   
 Тiркеу
Сайт жаңалықтары
28.10.2011

Бухгалтерлерге және Жетекшілерге арналған 1С-ФОРУМ

Құрметті ханымдар мен мырзалар!
7 желтоқссан 2011 жылы, Г. Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер театрында (ТЮЗ, Алматы қ-сы, Абылай Хан к-сі, 38) Қазақстан Республикасындағы «1С» фирмасы уәкілдігі Қазақстанның салық төлеушілер Ассоциациясымен бірлесіп «1С-жетекшілер мен бухгалтерлерге Форум» форумын өткізеді.

Сіздерді «1С-Форумның» жұмысына қатысуға шақырамыз!

«1С-Форум» «1С» фирмасының Қазақстанда дәстүрлі шараға айналды, ал бұл форум кезекті төртінші болып табылады. «1С-Форум» сияқты шаралар «1С» фирмасының программалық өнімдері жайлы тұтынушыларды ақпараттандыру, сонымен қатар Қазақстан үшін «1С:Кәсіпорын» типтік шешімдерінің соңғы үрдістерінің дамуы жайлы ақпараттандырады.

Бұл шараның басты оқиғасы Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің Салық комитетінің өкілдерінің Қазақстан заңнамасындағы салықтық өзгерістер және 2012 жылдағы салықтық есептің формаларының өзгеруі жайлы баяндамалары болады. «1С» фирмасының типтік шешімдерін жасаушылар өз баяндамаларында Қазақстан үшін «1С» фирмасының типтік шешімдері және ҚР салық заңнамасының өзгнерістері жайлы баяндайды. Сонымен қатар, «1С-Форум» бағдарламасында жаңа редакциялар бойынша «1С: Еңбек ақы және персоналды басқару 8 Қазақстан үшін» өнімі бойынша баяндамалар оқылып, 2.0 редакциясы, «1С:Сауданы басқару 8 Қазақстан үшін», 3.0 редакциясы. «1С-Форум» шеңберінде «1С: Бухгалтерия 8 Қазақстан үшін» мастер-класстар жүргізіледі, олар «1С:Бухгалтерия 8» максималды нәтижелі жұмыс шығаруға көмектеседі. Кіші және орта бизнес үшін «1С» ең алғашқы басқарушылық шешімі - «1С:Кішігірім фирманы басқару 8 Қазақстан үшін». Программада өнімнің мүмкіншіліктері жайлы, оның функционалы жайлы және оны on-line тестілеуден өткізу мүмкіншіліктері жайлы айтылады. ҚР Қаржы Министрлігінің сарапшыларынан, «1С» мамандарынан және «1С» фирмасының шешімдерін әзірлеушілерден басқа «1С-Форумда» өз баяндамаларымен әйгілі аудиторлар қатысады.

Өндірістің, бизнестің әр түрлі салаларын автоматизациялау үлкен мағынаға ие. Сол себептен шараға «1С» серіктестері қатысады, олар «1С:Мекеме» жүйесінің өнімдерін қолданудың ерекшеліктері жайлы баяндайды.

Бұл шараның шеңберінде «Серіктестік шешімдердің вернисажы» шарасы өткізіледі, оның көмегімен «1С:Форум» қатысушылары «1С:Мекеме» жүйесіінің өнімдерін «өз көзімен» көре алады, сонымен қатар «1С» фирмасының серіктестерімен «1С:Мекеме» негізіндегі автоматизациялау жайлы қиын сұрақтарды талқылай алады. «Серіктестік шешімдердің вернисажы» 7 желтоқсан 2011 жылдан, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Шара «1С:Форумның» әрбір қатысушысына мерекеге айналуы үшін, шараның ресми бөлігінен кейін міндетті түрде ұтысты болатын лотерея ойнатылады, БАСТЫ ЖҮЛДЕ - НОУТБУК.

Мереке соңында ойын-сауық программа – спектакль болады.

Семинар ақылы және 6500 теңге тұрады, ҚҚС қоса санағанда.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!!! Ертерек тіркелгендер үшін және ақыны 1 қараша 2011 жылға дейін төлегендер үшін, біз жеңілдіктер ұсынамыз, онда шараға қатысу құны 5500 теңге, ҚҚС қоса санағанда.


«1С-Форумға» қатысу үшін Сізге «1С-Қазақстанға» өтініш хат жолдау керек. Өтініш тапсыру үшін Сізге төменде келтірілен url=http://accountant.kz/kaz/engine/download.php?id=26]өтініш формасын[/url] толтырып және оны: borm@1c.kz электрондық поштасына немесе 8(7172) 343838, 350838 телоны мен факсына жолдау керек, қабылдау уақыты 1 желтоқсан 2011 жылға дейін. Сіздің өтінішіңізге шараға қатысуға шот беріледі, оны 2 желтоқсан 2011 жылға дейін төлеу керек. Шараға «1С-Форумға» қатысу үшін ақысын төлеген кәсіпорындар уәкілдері ғана кіргізіледі, көрсетілген мерзімге дейін ақы төленбесе, өтініштер жарамсыз болып табылады.

Шараға қатысу бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса келесі телефондарға хабарласыңыздар: 8 (7172) 343 232, 343 131, 342-501, факс: 343 838 e-mail: borm@1c.kz

Сіздерді «1С-Форумында» күтеміз
Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы «1С» фирмасының уәкілдігі


Өтінішті жазып алу.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Распечатать
























Сайттың жаңартуын дата:
02.06.2014

Введите свое имя и телефон. Вам перезвонят.