Логин     Пароль   
 Тiркеу
Сайт жаңалықтары
04.05.2011

Баспасөз Хабарламасы. Сертификаттарды/Аттестаттарды өзара мойындау!

«Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлерінің палатасы» БКҰ Ресейдің алдыңғы қатарлы кәсіби бухгалтерлік ұйымдарының бірі Ресейдің кәсіби бухгалтерлері мен аудиторлары институтымен (Ресейлік КБИ, www.ipbr.org ) стратегиялық әріптестік туралы мәмілеге отырды.

Құрылғаннан бері Ресейлік КБИ 220 000-нан астам мамандар дайындады. Қазіргі кезде Ресейлік КБИ 1500 сертификатталған оқытушыларды; 1000-нан астам ірі салалық ұйымдарды; 65 территориалды институттар мен 400 оқыту-әдістемелік орталықтарды біріктіреді.

Мәміленің негізгі бөлімі  – екі ұйымның берген сертификаттарын/аттестаттарын өзара мойындау.

Ресейлік КБИ Бухгалтерлердің Халықаралық Федерациясының (БХФ) нақты мүшесі болып табылады. Осылайша Ресейлік КБИ берген аттестат – кәсіби бухгалтердің квалификациялық куәлігі, БХФ нақты мүшесі – басқа да шетердік институттың аттестаты сияқты, ҚР «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» заңының  22-бабының 5тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының сертификаттау бойынша аккредитацияланған ұйымымен берілген кәсіби бухгалтер сертификатымен тең дәрежеде мойындалады.

«ҚР кәсіби бухгалтерлерінің палатасы» БКҰ мүшелеріне және басқа да қызығушылық танытқан тұлғаларға осы аттестатты – Ресейдің КБИ кәсіби бухгалтері квалификациялық куәлігін алу үшін қойылатын квалификациялық талаптар:

1. Жоғарғы білім
2. Соңғы бес жылдан кем емес уақытта экономика мен қаржы саласында есептік-аналитикалық, бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-ревизиялық салаларда, немесе жоғарғы және орта мамандандырылған арнайы оқыту мекемелерінде ғылыми-оқытушылық облысында жұмыс тәжірибесі болу керек.  
3. CAP/CIPA сертификаттарының болуы
4. «ҚР кәсіби бухгалтерлерінің палатасы» БКҰ-ның мүшесі болуы керек
5. Мүшелік жарналар төлеу бойынша қарыздардың болмауы
6. Үш жыл ішінде 120 сағаттан кем емес міндетті  біліктілікті арттыруы бойынша Декларация тапсыру
7. Аттестат алу үшін жарна төлеу.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондарға хабарласыңыздар: +7(727) 2505899, 279 20 84, 250 85 24.


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Распечатать
























Сайттың жаңартуын дата:
02.06.2014

Введите свое имя и телефон. Вам перезвонят.