Логин     Пароль   
 Тiркеу
Баптар
08.02.2011

Қаржы Облысында Дұрыс Мамандықты Қалай Таңдау Керек?

Анастасия Русакова
РФ Мемлекеттік Думасының Ресейдің тұрақты дамуы бойынша Жоғарғы Эксперттік Кеңесінің білім беру бойынша жетекші сарапшысы, МВА, FICFM, MInstSMM.
Ұлыбриитанияның халықаралық сертификациялық бағдарламаларының Ресей мен ТМД елдеріндегі өкілі
.
Өз кәсіби деңгейін жоғарылату қажеттілігіне сәйкес, қаржы, бухесеп пен ҚЕХС облысында жұмыс істейтін көптеген ресейлік мамандар қосымша білі алғылары келеді.
Мамандар жай біліктілікті арттыру бағдарламаларын ғана таңдамай, сонымен қатар өз білімдерін халықаралық нұсқадағы дипломдармен дәлелдейтіндері жиі кездесіді. Бұл схема мамандарға неге анағұрлым нәтижелірек болып көрінетінін талдап көлейік.
Халықаралық нұсқада диплом алу  – өз жалақысын жоғарылатып, жұмысты қызығырақ қылудың жақсы мүмкіндігі екендігі құпия емес. Алайда тек бір ықыластың болуы аз. Білім алуға дұрыс және сауатты қарау маңызды. Дәл сізге лайықты курс таңдау өте маңызды. Өйткені аты шулы қымбат курстарда оқытатын ақпарат сіздің жұмысыңызға керек емес, пайдасыз болуы мүмкін. Дұрыс таңдау сізге уақыи пен ақшаңызды үнемдеуге көмектеседі.     
Егер ресейлік және халықаралық бағдарламаларды салыстыратын болсақ, онда ресейлік бағдарламалар отандық білім беру бағдарламалары негізінен бухгалтерлік есеп теоретиктері мен практиктерінің авторлық курстарын қамтитындықтан, ұтылып қалады. Бұл бағдарламалардың сапасы әртүрлі жне халықаралық деңгейде танылмаған. БХО біліктілікті арттыру бағдарламаларын (негізінен ҚЕХС бойынша ресейлік курстар аудиторлар мен кәсіби бухгалтерлердің  40-сағаттық біліктілікті арттыру курстарына ұштастырылған) ЖОО оқытушылары жүргізеді, ал практиктер өте сирек жүргізеді. Олар таныстыру бағытына көп көңіл бөліп материалды толық мазмұндамауымен сипатталады.   
Сондықтан Ресейде халықаралық деңгейдегі дипломдар беретін дайындау бағдарламалары өте танымал болып барады. Бұл бағдарламаларда стандарттарға қосымша экономикалық және қаржылық пәндер де оқытылады. Мұндай анағұрлым толық тәсіл ҚЕХС бойынша есептілік құраушыда дәстүрлі бухгалтерлік ойдан ерекше, қажетті ойлау қабілетін қалыптастырады.  құрайды.   
Сонымен қатар емтиханда берілетін тапсырмалар ресейлік жағдайға ұқсамайтын ерекше болып табылатынын, және тыңдаушы тәжірибе жүзінде осыған ұқсас жағдаймен кездесе қоймайтынын естен шығармау керек. Сонымен бірге жұмыс беруші ҚЕХС бойынша квалификациялық құжаттың иесінен ұйымдағы бухгалтерлік есептің тәжірибелік методологиялық мәселелерінің  шешімін табуын күеді.   
Сонымен бірге, осындай диплом немесе сертификаттар алған маманға кәсіби бірлестіктің мүшесі болу ұсынылады, ол өз кзегінде жыл сайын біліктілікті арттырып отыру мен білімді жаңартып отыруын талап етеді, бұл оның кәсіби дамуы мен жұмыс беруші үшін мұндй маман иесінің құндылығының артуына әсер ететіндігі сөзсіз.    
Қазіргі кезде нарықта ҚЕХС, қаржы, ішкі аудит пен қаржылық сфераға  байланысты басқа да көптеген мамандықтар бойынша әртүрлі қысқа мерзімді бағдарламалар ұсынылуда. Сертификаттау бағдарламасын таңдамай тұрып, алдымен олардың әрқайсысын зерттеп, салыстырмалы талдау жасау дұрыс болады. Маманның білім қажеттілігіне байланысты сәйкес бағдарламаны таңдау қажет. Халықаралық квалификация алатын үміткерлерге көмек көрсету үшін орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін ресейлік халықаралық бағдарламалар бойынша зерттеу жүргізілді. Оның нәтижелерімен төменнен таныса аласыздар.
Мақаланың бірінші бөлімінде квалификациялар мен олардың бөлімдері көрсетілген, олар бойынша емтиханды сіздер орыс тілінде тапсыра аласыздар.
Екінші бөлім ағылшын тіліндегі сертификацияларға арналған.
Қазіргі кезде Ресейде орыс тілінде халықаралық нұсқада дипломдар мен сертификаттар алу үшін бадарламалар бойынша оқыту курстарын табуға болады. Алайда, рсейлік нарықта орыс тілінде жүргізілетін курстардан басқа, оқыту мен емтихандар ағылшын тілінде жүргізілетін сертификациялаудың халықаралық бағдарламалары да ұсынылған. Халықаралық сертификаттар негізінен қатаң квалификациялық  талаптардан тұрады: білім деңгейі бакалавр дәрежесінен төмен емес, таңдалған облыстағы жұмыс тәжірибесі екі жылдан кем емес, және, әрине ағылшын тілін білу деңгейі квалфикациялық емтиханнан өтуге мүмкіндік беретін көлемде болу керек. Ұсынылатын квалификациялар немен ерекшеленетінін және олар кімге арналғанын талдап көрейік.    


Әдебиет көзі www.edu.gaap.ru


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Распечатать
























Сайттың жаңартуын дата:
02.06.2014

Введите свое имя и телефон. Вам перезвонят.