Логин     Пароль   
 Тiркеу
Біз туралы
Стратегиялық

2007-2011жж. арналған
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІБИ БУХГАЛТЕРЛЕРІНІҢ ПАЛАТАСЫ»
БУХГАЛТЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ҰЙЫМЫНЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ
(ҚР КБП)

Мазмұны

1-бөлім. Кіріспе
2-бөлім. Миссия
3-бөлім. Құндылықтар
4-бөлім. Стратегиялық контекст
5-бөлім. Стратегиялық мақсаттар
6-бөлім. Стратегиялық басымдықтар
4
5
5
6
14
16

1 бөлім. Кіріспе

ҚР БКП» БКҰ  2007-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының құрылуы әртүрлі мүдделі жақтардың: қоғамның, Бухгалтерлердің Халықаралық Федерациясының  (ары қарай – БХФ), компаниялардың және Қазақстан Республикасы мен барлық әлемдегі кең ауқымды бухгалерлік ұйымдармен қарым қатынас жасау жолдарын анықтауға бағытталған ағымдық процестің бір бөлігі болып табылады. Төраға Алимбетов Нұрлан басқаратын ҚР БКП» БКҰ   стратегиялық жоспарлау тобы өткен жылдардағы өзгерістерді, сонымен қатар  ҚР БКП» БКҰ, мемлекет пен компаниялардың ой-пікірлерін ескеретін сәйкес өзгерістер енгізу үшін 2004-2007 жылдарға арналған жоспарды талдаудан өткізді.
Жоспар - ұйымның қазіргі кезгі миссия мен құндылықтар ұғымынан тұратын және Қазақстан экономикасы мен әлемдік экономикадағы жаңа өзгерістер контекстінде            ҚР БКП» БКҰ   стратегиялық мақсаттары мен приоритеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Ол ҚР БКП» БКҰ басқару құрылымында қолданылатын шешім қабылдау қағидаттарынан тұрады. Жоспар  ҚР БКП» БКҰ комитеттері үшін де, ҚР БКП» БКҰ   мүшелері үшін де жетекші құжат болып табылады. ҚР БКП» БКҰ   комитеттерінің басым мәселелері ұйымның жалпы стратегиялық шешімдерінде көрсетілуі және қолдау табуы тиіс.  ҚР БКП» БКҰ мүшелеріне келетін болсақ, олар ҚР БКП» БКҰ ынтасын қолдап, оның стандарттарын, ережелерін белгілеулері және әлемдік бухгалтерлік мамандығын жетілдіруге тырысулары керек.
Соңғы жылы ҚР БКП» БКҰ  жүзеге асырған бастамалардың көбісі қазіргі кезде жүзеге асырылуда немесе қайта қаралуда. Бұл бастамаларды ҚР БКП» БКҰ өз мақсаттарын жүзеге асыру жолында жүргізді, оның ішіне ережелер мен қағидаларды жасап шығаруды жетілдіру, бухгалтер мамандығын бекіту, қоғамдық мүдделерге қызмет көрсету кіреді. Мәмілеге келу бойынша бағдарлама жүзеге аса бастады, ол негізінен ҚР БКП» БКҰ  мүшелері жүргізетін тұрақты кәсіби даму облысына байланысты. Мамандықтың шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті, бұқаралық мүдделі ұйымдар сферасын дамытуға күш-жігерін аудару қажеттілігі мойындалды.
2003-2004 жылдары басталған бастамаларға қоса, соңғы жылдары бірнеше басымдылықтар пайда болды, олар кәсіби бухгалтерлердің бизнестегі және аудиттегі жауапкершілігін қамтамасыз ету мақсатымен корпоративті басқару тәжірибесін қайта қарауға, сонымен қатар белгілі бір әдістер мен кедергілерді ескере отырып халықаралық стандарттар бағытында конвергенция үрдісінің тұрақтылығын қамтамасыз етумен байланысты.
Басты басымдылық  болып ҚР БКП» БКҰ  мүшелерімен, қоғамдық ұйымдармен, стандарттарды жасап шығарушылармен, реттеушілермен, компаниялар мен басқа да мүдделі жақтармен жүйелі сындарлы (конструктивті) диалог және бірлескен іс-әрекеттер қажет екенін мойындау табылады. Бұл басымдылық соңғы жылдардан бері сақталып келді, ол ҚР БКП» БКҰ-ның болашақ қызметіне де әсер ететін болады. Сонымен қатар ҚР БКП» БКҰ тәуекелдерді талдауды жүзеге асырады, ол болашақта өз қызметін жақсырақ басқаруға және ранжирлеуге мүмкіндік береді.  
Жоспар ауқымды өзгерістер нәтижесінде қажет болған жағдайда жаңарып отыратын серпінді құжат болып табылады. Өзгерістер «ҚР БКП» БКҰ-ның қызығушылықтардың жаңа аумағындағы озық беделінің не күшеюінің, немесе қазіргі кезде бар аумақтардағы беделі деңгейнің түсуін талап етуі мүмкін. Осы жоспар «ҚР БКП» БКҰ-ның озық ролін және барлық бастамаларға тән оның басты құндылықтарын дәлелдейді. Стратегиялық мақсаттар «ҚР БКП» БКҰ-ның қазіргі кездегі және болашақ роліне қатысты ұстанымын анық белгілейді. Стратегиялық басымдылықтарға 1-2 жылда жетуге болады деп болжамдалады, ал стратегиялық мақсаттарды орындау ортамерзімдік және ұзақмерзімдік перспективаға есептелген.

2-бөлім. Миссия

«ҚР БКП» БКҰ қоғамға қызмет ете отырып бухгалтерлік мамандықты ары қарай терең дамытуды, Қазақстан экономикасына жоғары сапалы кәсіби стандарттарды белгілеп және соларды қатаң түрде ұстану арқылы қолғабыс етуді, осы стандарттардың ары қарайғы конвергенциясына ықпал етуді, мамандық тәжірибесі анағұрлым елеулі аумақтардағы қоғамдық мүдделерді қорғауды жалғастырады.

3-бөлім. Құндылықтар

Төменде келтірілген құндылықтар «ҚР БКП» БКҰ-ны ұйым ретінде Кеңес, Атқарушы дирекция, комитеттер, қызметкерлер арқылы орындауға тырысатын басқарушы қағидаттарын қамтиды. Бұл:

• Әділдік
• Құзыреттілік
• Анықтылық

Сонымен қатар «ҚР БКП» БКҰ кәсіби бухгалтерлердің ұстанымын оларға БХФ жасаған және «ҚР БКП» БКҰ қабылдаған Кәсіби бухгалтерлер этикасы кодексімен бекітілген құндылықтарды қатаң сақтауға болысу арқылы нығайтуға талаптанады.     
Өз мақсаттарына жету үшін және құндылықтарды сақтау үшін «ҚР БКП» БКҰ нәтижелі жұмыс істеуге, басшылық мен ара-қатынасты оңайлатуға және неғұрлым анығырақ етуге тырысады.

4-бөлім. Стратегиялық контекст

Осы стратегиялық жоспарда «әлемдік бухгалтерлік мамандық» темині кәсіби институттардың – коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері болып табылатын барлық кәсіби бухгалтерлерге тиісті және қоғамдық тәжірибені жүргізуші, өндіріс, коммерциялық, мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдарда, академиялық ғылымда жұмыс істейтін бухгалтерлерді бірлестіреді.
4.1. Қоршаған орта факторлары

«ҚР БКП» БКҰ  және әлемдік бухгалтерлік мамандық көптеген және әртүрлі ішкі факторлар әсерінен серпінді түрде өзгеріп отыратын қоршаған орта жағдайында әрекет етеді. «ҚР БКП» БКҰ осы факторларды мойындаумен қатар оларға ғалам экономикасы мен жалпы қоғам мүдделерін қолдайтын ынта білдіру арқылы  әсер ететіндігі өте маңызды. Бұл  «ҚР БКП» БКҰ-ның жалпы фундаментальды мақсаты – қоғам мүдделері үшін қызмет ету мақсатымен үйлеседі. «ҚР БКП» БКҰ осы мақсатқа жетудің ең нәтижелі жолы әлемдік бухгалтерлік мамандықты, бұл мамандықтың әр өкілінің біліктілігі мен жоғары сапалы стандарттарын нығайту арқылы жету болып табылатынын мойындайды. Әлемдік экономикалық ортаға әсер ететін факторлар келесілерден тұрады::

Жалпы факторлар

a) Жаһандану: Капиталдың ғаламдық ағымының өсуі, реттеуші әдістеменің ұдайы түрде әсер етуі, қаржылық есептілік құрылымының біркелкілігі, жаһандану әлемдік экономиканың басты қозғаушы күші болуды жалғастырып келе жатқанын көрсетті. 

b) Аймақтану: Жаһандану салдарынан  көптеген ұлттар көршілес елдермен ынтымақта болудың артықшылықтарын мойындады. Бұл аймақтық сауда мен кәсіби бірлестіктердің дамуына әкеледі, өз кезегінде ол қатысушыладың  күшін үнемдеуге мүмкіндік береді.

c) Технологиялық артықшылықтар: Барлық бухгалтерлер мен басқа да мамандарға, олар қоғамдық тәжірибеде, корпорацияларда, кіші және орта кәсіпорындарда, мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдарда жұмыс істеуіне байланыссыз технологиялық өзгерістер әсер етеді. Мысалы, ақпаратты жинау, тарату, басқару, сапасын жақсарту, ақпаратты тарату үшін вэб-технологияларды қолдану, іздестіру құралдарын қолдану кәсіби шешімдерді қабылдауға кететін шығындарды азайтады.   
Мамандықты толығымен қамтитын факторлар

a) Қаржылық есептілікке сенім мен әлемдік бухгалтерлік мамандық: бүкіл әлем бойынша бизнестегі сәтсіздіктер, сонымен қатар қаржылық есептіліктегі қателіктер қаржылық есептіліктен алатын ақпаратқа, сонымен қатар оған байланыстыларға, әлемдік бухгалтерлік мамандықты қоса алғанда  сенімді төмендетті. Сенімнің төмендеуі  «ҚР БКП» БКҰ мен бухгалтерлік мамандыққа қоғам мүддесіне қызмет ететіндігін үнемі көрсетіп отырулары керек екенін көрсетті. Осы міндеттемелерге сәйкес «ҚР БКП» БКҰ қоғам сенімін қайта орнатуға бағытталған шаралар қабылдауды жоспарлауда. Бұл бастама «ҚР БКП» БКҰ мен басты реттеуші топтар арасында келісілген реформалар пакетінен тұрады. Оларға кеңес беруші Кеңестің құрылуы, стандарттарды белгілеу бойынша «ҚР БКП» БКҰ қызметінің тұнықтылығын күшейту мен нығайту бойынша жұмыстарды жалғастыру және  2003 жылдың тамыз айында қабылданып,  БХФ-мен жарияланған қаржылық есептілікке деген қоғамның сенімін қайта қалпына келтіру бойынша Тәуелсіз жұмыс тобының есебі жатады.  

b) Корпоративтік сенім: Қалыптасқан жағдайда корпорациялар сенім туралы дискуссиялардың пәні бола бастады, осыған орай ұйым ішіндегі этикалық қағидалар мен есептілікке, анықтылыққа деген талаптар артуда. Реттеуші органдар мен нарық әсіресе қаржылық есептілік пен корпоративтік этика мәселелері бойынша басқаруды жетілдіру қажеттілігі  қарқынды өсіп келе жатқандығын айтуда. Осының нәтижесінде корпоративтік басқару тәжірибесі сферасы дамуда. Кейбір елдер аудит бойынша комитеттерін күшейтуде, олардың міндет түрлерін көбейтуде, корпорацияларға оларды сыртқы бақылау туелсіздігін қамтамасыз ету үшін (сыртқы аудиторлар көрсететін қосымша қызметтер олардың тәуелсіздігіне қауіп келтірмес үшін), сонымен қатар басқармалар мен атқарушы органдарға деген талаптарын күшейтуде.

c) Әлемдік бухгалтерлік мамандықты реттеу: Бухгалтерлік мамандықты реттеуге қоғамның және мемлекеттің әсері жоғарылауда. Нәтижесінде көптеген елдерде бухгалтерлік мамандықтың жергілікті өзін-өзі реттеуден келесі үлгілердің біреуіне өту жүруде: бақыланатын өзін-өзі реттеу, жергілікті бухгалтерлік мамандық пен мемлекеттік органдар арасында бөлінетін немесе мамандықпен мүлдем байланысы жоқ орган арқылы реттеу арасында бөлінетін бірлесіп реттеу. «ҚР БКП» БКҰ мамандық айналысатын көптеген бағыттар мамандықты оның мүшелері жүзеге асыратын ішкі реттеумен қатар сыртқа бақылауды қажет ететіндігін мойындайды.

d) Конвергенцияның қажеттілігі: Қаржылық ақпаратты қолданушыларды, реттеушілердің және басқа да жақтардың стандарттар мен реттеуші жүйелер аумағындағы ғаламдық конвергенцияны қажет етуі өсуде. Көптеген елдер халықаралық стандарттарды конвергенциялауды айтуда. Бұл көзқарас жүйелік негізде, дәйекті түрде және бұл мүмкін болатын басқа мемлекеттермен өзара қатынас жасау арқылы қолданылуы керек.

e) Ақпаратты қолданушылардың жаңа қажеттіліктері: Жалпы іскерлік есептілікті жақсартатын және ұйым, инвесторлар, бағалы қағаздар нарықтары, үкімет, қоғам мен басқа да пайдаланушылардың қажеттіліктеріне жауап беретін ақпараттың жаңа формаларын анықтау қажет.  Мысалы, осы топтардың көбісіне қазіргі кездегі бухгалтерлік және қаржылық есептілік үлгілері шегінде қол жетпейтін ақпарат қажет.

f) Технологиялық артықшылықтар: Технологиялар, әсіресе бизнес-технологиялар мен Интернет арқылы жүзеге асырылатын электрондық сауда мерзім мен мазмұнын түбегейлі өзгертеді, сонымен қатар ақпаратқа қол жетімділігін арттырады. Бұл технологиялық артықшылықтардың әлемдік бухгалтерлік мамандыққа әсері зор, бухгалтерлердің біліктілігіне деген талаптарды жоғарылатады, сонымен қатар қоғамның үмітін арттырады. Технологиялық өзгерістердің көбісі нарықты ақпаратты алуды жеделдетуге қатысты аудиторлық комитеттерге, басқармаларға, аудиторларға тигізетін қысымын күшейтуге итермелейді, ол өз кезегінде оның сапасына әсер етуі мүмкін. Қысым технологиялық артықшылықтарды толығымен қолдана алмайтын мамандық секторларына, мысалы, кіші және орта бизнеске қатысты да күшеюі мүмкін.

g) Мамандық құндылығының төмендеуі: Бухгалтерлік мамандықтың құндылығы мамандықты өзімен қатар оның нәтижелерін пайдаланушылармен де анықталады. Қалыптасқан жағдайда мамандық құндылығының төмендеуіне әкеп соққан көптеген мәселелер пайда болды. Жоғарыда көрсетілгендей, әлемдік экономика, жалпы қоғам, сонымен қатар бухгалтерлік мамандықтың өзі бухгалтерлер біліктілігін үнемі жоғарылатып отыруға, мамандыққа жоғары білімді мамандарды тартуға мүдделі. Бұл мамандыққа деген сенімді, атқаратын ролін,  сонымен қатар кәсіби бухгалтерлер уағыздайтын құндылықтарды қайта қалпына келтіру бойынша жұмсалатын күшті жалғастыруды талап етеді.  

h) Бәсекелестік: Кәсіби бухгалтерлер бастапқыда олардың «өзінікі» деп саналған сфераларымен бәсекелес болуда. Төмен стандарттар бойынша, қоғам алдында төмен жауапкершілікпен жұмыс істейтін, тәжірибесі, құзыреттілігі мен әділдігі төмен көпетеген реттелмейтін топтар нарықтың бір секторында өз қызметтерін ұсыну тәуекелі жоғарылай түсуде.

Аудитке әсер ететін өзіндік факторлар

a) Қызмет аумағы:  Бұһаралық тәжірибемен айналысатын фирмалар үнемі өсіп отыратын реттеуші органдардың, инвесторлардың, корпорациялардың және т.б. ықпалында болады. Сондықтан олар ұсынатын қызмет шегінде тәуекелге шалдықпағанын дәлелдеуге немесе солай көрінуге тырысады. Кейбір жағдайларда коммерциялық қызығушылық аудитордың кең бұһара алдындағы міндетінен асып түседі. Мұндай жағдайды болдырмас үшін кейбір елдерде бұһаралық қызмет көрсетуші фирмаларға клиенттерде аудит жүргізуге қатысты қызметтердің кейбір түріне шектеулер қойылады.   

b) Аудит нәтижелеріндегі айырмашылық: Мамандықтың міндетінің бірі қателіктер  табылған  жағдайда шынайы тұжырымдама құрастыру болып табылады. Корпоративтік сәтсіздіктер мен сілкіністер жағдайларының жиі бола бастауына байланысты шынайы тұжырымдамалардың қоғамдық қаржылық есептілік пен аудитке деген сенімінің деңгейіне сай келуі абсолютті басымдылық алу керектігі өте маңызды. Аудит нәтижелеріндегі айырмашылық міндет қоятын тұлғада қажетті дағды болмауы салдарынан, сонымен қатар этикалық талаптарды орындамауы салдарынан болуы мүмкін.

c) Тұжырымдамалардағы айырмашылық: Көптеген елдерде әлі күнге дейін бір жағынан реттеушілер, саясаткерлер мен инвесторлардың, екінші жағынан аудиторлардың көрсетілетін қызметтің шынайылығына қатысты тұжырымдамалары  арасында айырмашылық  бар.  Мамандықтың міндеті екі жаққа да шынайылық туралы тапсырмалар бойынша шынайы тұжырымдамалар қандай болу керек екенін көрсету. Алайда бұл жағдайлар мен аудиттің сәтсіз нәтижелері туралы мысалдарды айыру қажет.

d) Ірі фирмалардың шоғырлануы:  Реттеуші органдардың, бұһаралық ақпарат құралдарының, инвесторлардың және т.б. әсері ең алдымен тікелей ірі фирмаларға бағытталған. Бұл фирмалар әрдайым сапаны бақылау мәселелеріне, ұсынылатын қызмет тізіміне, аудитор жұмысына байланысты тәуекелдерге, сот тәуекелдеріне көп көңіл бөледі. Қазіргі кезде жұмыс атқаратын ірі аудиторлық фирмалар саны азайып қалған жағдайда аудит сапасы үлкен зардап шегеді деген ой бар. Егер кез келген ірі фирма бұһаралық компаниялардың аудитін жүргізу бойынша қызмет көрсетуін тоқтатса да осындай нәтижеге әкелуі мүмкін.

e) Сот процестері: Бұһаралық тәжірибемен айналысатын фирмаларға қарсы сот процестері коммерциялық тәуекелдерге әкеледі. Бұл әсер жалпыға ортақ болумен қатар оның дәрежесі әр елде әртүрлі және кейбір факторларға байланысты, атап айтқанда елдегі жауапкершілікті қайта бөлу тәсіліне байланысты болады. Егер мұндай қайта бөлу әділетті болмаса фирма қоғамдық мәні бар, мысалы бұһаралық компаниялардың аудитін жүргізу тапсырыстарын орындаудан жалтаруы тәуекелі туады.  Келешекте мұндай жағдай жоғары білікті мамандар өз мүшелігін жалғастырудан бас тартуына немесе мамандыққа мүше болып кіруден бас тартуларына алып келуі мүмкін.

Қосымша факторлар

a) Кәсіби бухгалтерлер бизнестегі ролінің өзгеруі: Бухгалтердің ролі соңғы он жылда қатты өзгерді. Бұл кәсіби бухгалтерлік білім беру мәнін, тәжірибесін, білім мен оны қолдануды мойындау, сонымен қатар басқару, жоспарлау, технология сияқты облыстарының қажеттілігінің өсуі нәтижесінде болып отыр. Бұл да кәсіби бухгалтерлердің жетістігі болып табылады. Бухгалтерлердің жетістіктері бухгалтерлік шешімдерді қолдану маңызды және шешуші  болып табылатын облыстардағы ролінің барлық аспектілерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.

b) Үкіметтің қаржылық есептілігін жетілдірудегі екпінді күшейту: Үкімет, облыс, аудан әкімдері, жергілікті билік өз сайлаушыларының, сонымен қатар қызығушылық танытатын жақтардың олардың басқару тәжірибесінің жақсаруы, атап айтқанда мемлекеттік бухгалтерлік және қаржылық есептілігінің сапасын жақсарту бойынша өсіп келе жатқан ықпалында болуда.  

c) Дамушы экономикаларға жаһанданудың әсері: Халықаралық нарықтардың дамуы дамушы елдерге де, дамыған елдерге де үлкен әсерін тигізді. Дамушы экономикасы бар елдер үшін донорлық ұйымдардың талаптарына жауап бере алатын, жалпы экономикаға әсер ететін әлеуметтік және экономикалық жағдайды жақсартуға көмектесу үшін шетел инвестицияларын тартуға мүмкіндік туғызу үшін нәтижелі қызмет атқаратын реттеуші институттар, стандарттар мен білім берудің жалпы деңгейінің болуы өте маңызды.  

d) Стандарттарды кіші және орта бизнесте қолдану: Халықаралық стандарттардың, әсіресе қаржылық есептілік, аудит пен этика сферасының мәнін әлемде мойындау күннен күнге артуда. Бұл кіші және орта кәсіпорындарды өз жұмысының сипатын өзгертуге және сол арқылы клиенттерге қызмет көрсету барысында құзыреттіліктің жоғары деңгейін сақтауға итермелейді.  Қаржылық есептілік, аудит, этиканың халықаралық стандарттарын мойындау өсіп келе жатқандықтан оларды кіші және орта кәсіпорындарға қолдану мәселесі туады.  Сондықтан стандарттарды белгілейтін органдар стандарттар экономиканың осы секторының қажеттіліктерін айқындайтындай етіп қайта жасалуына көмек көрсетуді сұрайды.  

4.2. «ҚР БКП» БКҰ-ға әсері

Жоғарыда келтірілген факторлардың әрқайсысы «ҚР БКП» БКҰ-ға өз әсерін тигізеді, әсіресе ол көрсететін қызметтің сипаты, шегі мен деңгейіне қатысты. «ҚР БКП» БКҰ пайда болатын жағдайды пайдалануға талпынатын басқа да көпетегн ұйымдар бар екенін түсінеді. «ҚР БКП» БКҰ ролі түрленіп отыратын болады. Бұл көшбасшы ролі, көмекші, серіктес және бақылаушы ролі  – бәрі қызмет сипаты мен қызығушылық танытқан жақтарға байланысты. «ҚР БКП» БКҰ өз мақсаттарына және құндылықтарына сәйкес келетін, сонымен қатар олардың нәтижелі жүзеге асуына мүмкіндік беретін бағытта атқарылатын қызметке екпін жасау қажеттілігін түсінеді.

a) Қоғамдық сенімді қайта қалыптастыру мен қоғам мүддесі үшін қызмет ету:       «ҚР БКП» БКҰ  үнемі өзінің қоғам мүддесі үшін қызмет ету жолын ұстайтынын көрсетіп отырады.  «ҚР БКП» БКҰ сыртқы бақылау бойынша келісілген реформаларды және қоғамның сенімін қайта қалпына келтіруге бағытталған басқа да бастамаларды дәйекті түрде жүзеге асырып отыратын болады. Бірінші кезекте «ҚР БКП» БКҰ этика, білім беру, қоғамдық сектордың қаржылық есептілігі, сонымен қатар оларды пайдалану үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету аймағында ережелер мен кодекстер жасауға тоқталады. Үнемі жетіліп отыратын ережелерді жасап шығару процесі алдыңғы бірнеше жылда  «ҚР БКП» БКҰ үшін басым бағыт болады. Жетілдіру ең алдымен ақпараттың ашықтығы мен сыртқы бақылау жүргізуді күшейтуге байланысты. 

b) Реттеуші қоғамдастықпен қарым-қатынас: 2003 -2006 жылдар аралығында  «ҚР БКП» БКҰ  бухгалтерлік мамандықтың қоғам мүдделеріне қызмет ету ролін күшейте отырып халықаралық реттеуші қоғамдастықпен қарым-қатынас орнатумен айналысты.  Қазіргі кезде бар қарым-қатынасты күшейту мен жаңаларын дамыту сыртқы бақылаудың дамуы мен ережелерді жасап шығару процедураларын жетілдіру кезінде «ҚР БКП» БКҰ үшін өте маңызды.  

c) Әлемдік бухгалтерлік мамандықтың дамуы: Халықаралық стандарттарға бағытталған жалғасып келе жатқан конвергенция процесі мамандықтың барлык секторларына көмек көрсетудің маңыздылығын көрсетті. «ҚР БКП» БКҰ халықаралық стандарттарды қолдану кезінде қандай кедергілер бар екенін түсінуі, және осы кедергілерді жою кезіндегі оның ролі қандай екенін анықтауы керек.  Бірнеше комитеттердің қызметі осы мақсатқа жетуге бағытталған. Сонымен қатар «ҚР БКП» БКҰ  халықаралық және ұлттық стандарттарды қолдануға қандай кедергілер тұрғанын анықтауға бағытталған зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл қызмет жақын жылдарда «ҚР БКП» БКҰ  үшін басымды қызмет болады.

d) Қолғабыс ету: Дамушы әлемдік бухгалтерлік мамандықта «ҚР БКП» БКҰ ақпарат алмасуға және әртүрлі жақтар арасында қарым-қатынас орнатуға қолқабыс етудегі өз мүмкіндіктерін анықтау қажеттілігін сезінеді. Мысалы, бұл «ҚР БКП» БКҰ  мүшелері арасында белгілі бір сферада тәжірибе алмасулары болуы мүмкін.  

e) Құзыреттілік: «ҚР БКП» БКҰ  ролін күшейту, оның алдында тұрған міндеттердің көбеюі «ҚР БКП» БКҰ  үшін бір жағынан мамандықтың барлық сфераларында істей алатын, ал екінші жағынан ұйым алдында тұрған күрделі міндеттерді орындай алатын кеңестерде, комитеттер мен жұмыс топтарында жұмыс істеу үшін ең жақсы кандидаттарды таңдауды маңызды етеді.

f) Қарым-қатынасты нығайту: «ҚР БКП» БКҰ  жұмысының өзгешелігі барлық мүдделі жақтармен: «ҚР БКП» БКҰ  мүшелерімен, компаниялармен, реттеуші ұйымдармен, халықаралық қаржылық институттармен, өндірісте, саудада және басқа да салаларда жұмыс істейтін мамандармен екіжақты байланысты қамтамасыз ететін нәтижелі механизмнің қызмет етуін талап етеді. Бұл процесс тек ақпаратты тарату мен алу және жалпы жәрдем беру үшін ғана емес, сонымен қатар  «ҚР БКП» БКҰ  мүшелерінен жарна ақша алу үшін де маңызды.

g) Бухгалтерлердің біліміне қойылатын талаптардың өзгеруі: Қазіргі кезде кәсіби бухгалтерлердің ролі өзгерді, сенім мен анықтылыққа қатысты күтімдер өсті. «ҚР БКП» БКҰ-ға кәсіби бухгалтерлерге олардың білім базасын жетілдіруге қалай көмектесу керектігін ұғыну қажет. Мысалы, ол үйрету құралдарының өзгеруі мен БХФ дайындайтындарға ықпал ету мүмкін. Бұл сонымен қатар  БХФ-мен жақында қабылданған білім берудің халықаралық стандарты тұрғысынан «ҚР БКП» БКҰ  мүшелері үшін және жоғары біліктілік деңгейін үнемі ұстап тұру қажеттілігі тұрғысынан индивидуалды кәсіби бухгалтерлер үшін үздіксіз кәсіби білім алудың маңыздылығын айрықшалайды.  

h) Маңыздылықты сақтау: Кейбір елдерде бухгалтерлік мамандықтың өзін-өзі реттеуден шегіну жүруде, оның маңыздылығы мүшелеріне әсерін тигізуде.  «ҚР БКП» БКҰ өз мүшелері үшін маңыздылығын сақтау үшін мүшелермен олардық сұранымдарына позитивті және реалистік түрде жауап беру үшін ұдайы диалогты күшейту қажет.   

i) Шектеулі ресурстар жағдайындағы іс-әрекеттер: «ҚР БКП» БКҰ қаржылық  және адам бойынша шектеулі ресурстар жағдайында жұмысын жалғастыруда. Өз міндеттерін нәтижелі орындап, қолда бар ресурстармен максимумға жету үшін қызметтің басымдылықтарын нақты анықтап, әр бағыт бойынша нәтижелікке жету қажет. «ҚР БКП» БКҰ қоғамдық мүдделерді сақтай келе табыстың берешек сомасын және қолда бар ресурстар сомасын анықтауы керек.  Жоспарларда қызметтің әр түрі бойынша қаржыландыру көздері анықталуы тиіс.

5-бөлім. Стратегиялық мақсаттар

Өз миссиясын орындап, қоғам мүддесі үшін іс–әрекет ету үшін «ҚР БКП» БКҰ алдына «ҚР БКП» БКҰ мүшелерімен, мемлекеттік органдармен және барлық мүдделі жақтармен бірлескен жұмыста орындалуы мүмкін келесідей стратегиялық мақсаттар қояды:

• Бухгалтерлік мамандықтың сонымен қатар барлық қоғам үшін әлемдік көшбасшы:
— БХФ мүшесі болу;
— Кәсіби стандарттар мен Этика кодексін жасау, жылжыту, тұрақты түрде жоғары кәсіби деңгейде ұстап  тұру;
— Кәсіби стандарттарды конвергенциялауға, әсіресе аудит, шынайылық, этика, білім беру мен қаржылық есептілік аймағында белсенді түрде көмек көрсету;
— Аудит пен қаржы менеджменті сапасын жетілдіруге жәрдемдесу;
— Бухгалтерлік мамандықтың құндылықтарына жәрдемдесу, мамандықтың лайықты мүшелерінің ағымын қамтамасыз ету;
— «ҚР БКП» БКҰ мүшелерінің міндеттері туралы ережелерді қабылдауға көмектесу;
— Бухгалтерлік ұйымдар мен басқа да мүдделі жақтармен мамандықты сапалы деңгейде жасау және қолдауда, сонымен қатар қоғам мүдделерін сақтауда кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік органдарға көмек көрсету.

• Қазақстан экономикасының нәтижелі жұмыс істеуіне үлес қосу:
— Қаржылық есептіліктің шынайылығының артуына және оған деген сенімнің артуына көмектесу;
— Ұйым ішінде құралатын ақпарат (қаржылық және қаржылық емес) сапасының жоғарылауына көмектесу;
— Қазақсандағы бухгалтерлік мамандық өкілдерімен жоғары сапалы қызмет көрсетуге жәрдем беру;
— Бухгалтерлік мамандықтың барлық мүшелерінің, өндірісте, коммерцияда, қоғамдық секторда, коммерциялық емес секторда, ғылымда және қоғамдық тәжірибеде жұмыс істейтіндерді қоса алғанда, Этика кодексін қатаң сақтауына көмектесу.  

• Мамандық тәжірибесі анағұрлым құнды аймақтарда қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мамандық атынан сөйлеу:
— Ғаламдық мәселелер бойынша, сонымен қатар бухгалтерлік есеп пен аудитке байланысты мәселелер бойынша мамандық ойын танымал жеткізуші болу;
— Өндірісте, коммерцияда, қоғамдық секторда, коммерциялық емес секторда және ғылымда жұмыс істейтін кәсіби бухгалтерлер үшін құжаттар мен тәжірибеде болған ең жақсы мысалдарды бір жерге шоғырландыру.

Өз мақсаттарына жету үшін және стратегиялық мақсаттарды орындау үшін «ҚР БКП» БКҰ қолда бар ресурстарды нәтижелі басқаруға мүмкіндік беретін ұйымдық құрылым жасайды және қалпында ұстап тұрады.
6-бөлім. Стратегиялық  басымдықтар.

«ҚР БКП» БКҰ-ның стратегиялық мақсаттарына сәйкес 2007-2009 жылдарға басымдылықтар анықталды, олар қалыптасқан жағдайларға байланысты  2009-2011 жылдар ішінде өзгерулері мүмкін. Қойылған мақсаттарға жету үшін  ҚР БКП» БКҰ өз мүшелерімен, коммерциялық емес ұйымдармен, мемлекеттік органдармен және басқа да мүдделі жақтармен ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады.

Стандарттар мен ережелер жасап шығару

a) Кеңес беруші Кеңес қызметін қоса алғанда «ҚР БКП» БКҰ мәмілелі реформаларын жүзеге асыру, стандарттар мен ережелер жасап шығару процесін жетілдіру, кеңес беруші топтардың білім алуы мен «ҚР БКП» БКҰ қызметінің ашықтығын күшейту;
b) Бухгалтерлік есеп пен аудит мәселелері бойынша стандарттарды жасап шығаруды қоса алғандағы мәселелер бойынша реттеуші органдармен белсенді түрде қарым-қатынаста болу;
c) БХФ стандарттары мен IASB стандарттары бағытындағы ғаламдық конвергенцияға белсенді қолдау көрсету, конвергенция жолындағы кедергілерді жою бойынша, ережелер жазу тәсілдерін қарастыру мен қажет болған жағдайда тілді оңайлатуды қоса алғанда, жұмыстар жүргізу;   
d) «ҚР БКП» БКҰ-ды басқару құрылымы мен процедурасын және БХФ қоса алғандағы халықаралық ұйымдармен келісілген стандарттар мен ережелер құрастыру процесін орнату;
e) Барлық кәсіби бухгалтерлер үшін этика стандарттарын қолдап отыру;
f) Тұрақты кәсіби даму туралы ережені жасап шығару мен қолдап отыру;
g) Қаржылық есептілік стандарттарын сақтап тұру үшін әдістемелік ұсыныстар жасап отыру.

Сапалы деректілік

a) Ұйым мүшелері үшін «ҚР БКП» БКҰ-ның келісулер бойынша бағдарламасын жетілдіру, «ҚР БКП» БКҰ мүшелеріне ұсынылған декларацияларды бағалау, сонымен қатар олардың тұрақты кәсіби даму бағдарламасына сәйкес жасалған жұмыс жоспарларын бағалау.

Профессионалдық көшбасшылық

b) Корпоративтік бақылаудың басты сфераларын күшейту қажеттілігін мойындай отырып, корпоративті басқару тәжірибесін талдау. «ҚР БКП» БКҰ жұмысының мақсаты – істегі құжаттарда аудит ролі мен кәсіби бухгалтерлердің бизнестегі жауапкершілігі орын алуына қол жеткізу.
c) Барлық кәсіби бухгалтерлердің олардың қызмет істеу сферасына тәуелсіз этикалық нормаларды сақтауларының мәнін жоғарылатуға бағытталған жұмыс жүргізу.
d) «ҚР БКП» БКҰ мүшелерімен және сәйкес жұмыс топтарымен бірге  кәсіби бухгалтерлердің өндірістегі, коммерциядағы, қоғамдық сектордағы, коммерциялық емес сектордағы және академиялық ғылымдағы қажеттіліктерін анықтау.
e) «ҚР БКП» БКҰ мүшелерімен және сәйкес жұмыс топтарымен бірге кіші бизнес қажеттіліктерін анықтау. Таңдап алынған бағыттарға сәйкес жұмыс істеу, ақпаратпен және зерттеу нәтижелерімен алмасу, «ҚР БКП» БКҰ мүшелеріне көмек көрсету.
f) Кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам мүддесін қорғау үшін бухгалтерлік мамандықты жоғары деңгейге қоюдағы қажеттіліктерін анықтау. «ҚР БКП» БКҰ мүшелері осы субъектілерге қалай жәрдем бере алатындығын анықтау.
g) Кәсіби бухгалтерлер үшін анағұрлым қиын мәселелер бойынша оқыту  құралын жасап шығару және қадағалап отыру.
h) Анағұрлым маңызды мәселелер бойынша бухгалтерлік кәсіптің танымал білгірі болу.

Әдебиет:

1. Бухгалтерлердің Халықаралық Федерациясының http://www.ifac.org/ сайтындағы мағлұматтары.
2. ҚР Кәсіби Бухгалтерлерінің Палатасының http://www.accountant.kz/ сайтындағы мағлұматтары.
3. Сертификатталған Бухгалтерлер мен Аудиторлардың Евразиялық Кеңесінің http://www.cipa-rus.ru/  сайтындағы мағлұматтары.


Құрастырушы: «ҚР БКП» БКҰ Төрағасы Алимбетов Нурлан, e-mail: nurlan@topmail.kz


Распечатать
























Сайттың жаңартуын дата:
02.06.2014

Введите свое имя и телефон. Вам перезвонят.