Логин     Пароль   
 Тiркеу
Сайт жаңалықтары
19.07.2010

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Кеңес Беруші Органының Жиналысының Пресс-релизі

Жиналыс барысында ДипИФР (орысша); ҚЕХС (IFRS) 9 «Қаржы құралдары» қолдану; үміткерлердің 3-ші деңгейі үшін: жетілген, орташа және бастапқы бағдарламалар мен модульдер жасау бойынша емтиханын тапсырған кәсіби бухгалтер болуға үміткерлерді «ҚЕХС-қа сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша емтихан тапсырудан босату туралы мәселелер, сонымен қатар жоғарғы және жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейінгі білім беру жүйесінде бухгалтерлік есеп және аудит  облысында мамандарды дайындауға қатысты мәселелер қарастырылды.

Жиналыс барысында кәсіби аудиторлық ұйымдардың Бәсекеқабілеттіктің ғаламдық индексі «Аудит жүргізу және есептілік стандарттарының деңгейі» индикаторы рейтингін жақсарту үшін жасалып жатқан шаралар туралы баяндамалары тыңдалды.

ДипИФР (орысша) емтиханын тапсырған кәсіби бухгалтер болуға үміткерлерді «ҚЕХС-қа сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша емтихан тапсырудан босату туралы мәселе оң шешімін тапты.

«Аудит жүргізу және есептілік стандарттарының деңгейі» индикаторы рейтингін жақсарту үшін жасалып жатқан шаралар бойынша, бәсекеқабілеттіктің ғаламдық индексі бойынша «Аудиторлар коллегиясы» АКҚ және «Қазақстан Республикасының аудиторлар палатасы» АКҚ берген ақпарат еске алынды.

Сонымен қатар кәсіби аудиторлық ұйымдарға Бүкіләлемдік экономикалық форумның Ғаламдық бәсекеқабілеттілік индексі «Аудит жүргізу және есептілік стандарттарының деңгейі» индикаторының рейтингін жақсарту бойынша жұмыстарын жалғастыруды келесі жолдар арқылы жүргізу ұсынылды:

а) Аудит жүргізу мен есептілік стандарттарын қолдану бойынша өз қызметін кең ақпараттық таныту;

б) өз мүшелері мен бизнес бойынша әріптестерін, сонымен қатар шет ел әріптестерін Қазақстанда аудит жүргізу мен есептілік стандарттарын қолдану дәрежесі мен алынған ақпаратты жариялау жайлы анкета әдісі арқылы сұрау;

в) Қазақстанда аудит жүргізу мен есептілік стандарттарын қолдану дәрежесінің жағымды имиджін жасау.

Жыл сайын 15 сәуірге дейін Ғаламдық бәсекеқабілеттілік индексі «Аудит жүргізу және есептілік стандарттарының деңгейі» позициясын жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты Қаржы министрлігіне беріп отыру. 

Қазақстан Республикасының Алматы қаласының аймақтық қаржылық орталық қызметін реттеу бойынша агенттігінің өкілі кәсіби аудиторлық ұйым өкілдерімен «Аудиторлар коллегиясы» АКҚ және «Қазақстан Республикасының аудиторлар палатасы» АКҚ өкілдерімен айтылған аудиторлық ұйымдарды ААҚО сауда алаңына кіруіне рұқсат беру туралы мәселелерді талқылауға дайын екенін білдірді.

Қазақстан Республикасының 2007 жыл 28 ақпанындағы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңына «Қазақстан Республикасында олардың ресми аудару мен (немесе) басып шығаруға Қаржылық есептілік стандарттары комитетінің Қорынан жазбаша рұқсат қағазы бар ұйымның орыс немесе мемлекеттік тілде жариялауы» сөздерін алып тастау арқылы өзгерістер енгізу туралы ұсыныс қабылданбайды, өйткені ҚЕХС қолдану легитимдігі ресми басылыммен бекітілуі керек.

ҚЕХС (IFRS) 9 «Қаржы құралдарын» ерте қолдану мәселесін шешу үшін бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдістемесі Департаменті кәсіби ұйымдармен бірігіп ҚЕХС соңғы үлгісін аудару мен мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми басылымға шығару бойынша барлық шараларды қолдану қажет.

Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алу жүйесінде бухгалтерлік есеп пен аудит облысында мамандар дайындаумен байланысты, «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізіміне «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығын қосу қажеттігі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі мамандықтардың мемлекеттік классификаторына «Аудиторлық» мамандығын қосу туралы айтылған ұсыныстар есепке алынды.

Үміткерлердің 3-ші деңгейі үшін: жетілген, орташа және бастапқы бағдарламалар мен модульдер жасау мәселесі бойынша бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарға («Қаржы жүйесі органдары мамандарын дайындау, қайта дайындау мен біліктілігін арттыру орталығы» АҚ, «SoulSista Expert» ЖШС, «ААҚО академиясы» АҚ) оқыту сағаты қысқартылуы мүмкін болатын кәсіби бухгалтер болуға үміткерлерді анықтауға арналған критерийлер жасап шығарып, оларды негіздеу қажет.   

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының аудиторларына үміткерлерді аттестациялау бойынша квалификациялық комиссиямен берілген квалификациялық аудитор куәлігінің болуы кәсіби бухгалтер сертификатын беруге негіз болып табылады деп шешілді. 


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Распечатать
























Сайттың жаңартуын дата:
02.06.2014

Введите свое имя и телефон. Вам перезвонят.