Логин     Пароль   
 Тiркеу
Палатаның 2012 ж. қызметі жайлы есеп

2012 жылдың желтоқсан айы бойынша Палата 3273 толық мүшеден, 218 ассоциирленген мүшеден, 42 заңды тұлғадан тұрады.

Палатаның директорлар Кеңесі:
Төраға: Алимбетов Нурлан Орынбасарович

Директорлар Кеңесі мүшелері:
Байшумурова Гульмира Жаксыбаевна
Бегенова Бахыт Альмахановна

Тәуелсіз директорлар:
Рейман Корнелис
Виктор Продедович

Басқару:
Төраға: Валиева Альфия Хатифовна

Палатаның басқару мүшелері:
Ахбутина Айгуль Мырзабаевна (Астана қ-сы)
Пацан Людмила Петровна (Павлодар қ-сы)
Хегай Ирина Викторовна (Өскемен қ-сы)
Утянова Менслу Кунысбаевна (Ақтөбе қ-сы)

1. 04 қаңтар ҚР кәсіби бухгалтерлер Палатасымен «Кәсіби сертификаттау методологиялық орталығы» ҚР ҚМ аккредиттеліп, «ҚР кәсіби бухгалтері» ұлттық сертификаттау программасын іске қосты.

2. 09-13 қаңтар «ҚР кәсіби бухгалтерлер Палатасы» өкілдері Мычкина О. В., Алматы қ-да, Хегай И.В.,Өскемен қ-сы жәнеУтянова М.К., Ақтөбе қ-сы кіші және орта бизнес үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын (КОБК арналған ҚЕХС) үйрету бойынша өткізілген семинарға қатысты, оны ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк арасындағы экономилық зерттеулер Программасының ІІ кезеңі шеңберінде ҚР Қаржы Министрлігі Дүниежүзілік Банкпен қоса өткізді.

3. 20-31 қаңтар «ҚР кәсіби бухгалтерлер Палатасы» ИС«Бухгалтермен» қоса «ККС-2011 бойынша жылдық есес» тақырыбында он-лайн конференциясын өткізді.

4. 17 ақпан Дубай қ-да, БАЭ, «Тәлімгерлік: Кәсіби Ұйымның Тұрақты Дамуына Жол» семинарына қатысты, оны Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясы (ХБФ) кәсіби ұйымдарын дамыту Комитеті ұйымдастырған. Дөгелек Столға Австралия, Канада, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Нигерия, Ұлыбритания өкілдері қатысты. Семинарды бір мақсаттарының бірі – кәсіби ұйымдардың сәтті дамуындағы тәжірибелермен алмасы. Қатысушылар тәлімгерлік сұрақтарын, туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары жайлы сұрақтарды талқылады. Семинарға қатысушылардың жұмыстарының қортындылары кәсіби ұйымдарды дамыту бойынша ХБФ Басшылығын дайындауда пайдаланылды.

5. 04 - 06 сәуір Алматы қ-да «ҚР кәсіби бухгалтерлер Палатасы» аймақтық өкілдері кездесу өткізді, Ахбутина А.М., Ешмухамбетова О.К. –Астана қ-сы, Утянова М.К – Ақтөбе қ-сы, Хегай И.В. – Өскемен қ-сы, Пацан Л.П. – Павлодар қ-сы, Имангали У.И. –Атырау қ-сы, Кульчикова Ж.Ш. – Орал қ-сы, Кубиев Е.Б. – Қостанай қ-сы, Савастова Н.М. – Шымкент қ-сы, Алексеева Н.А. – Петропавл қ-сы. Онда Палатаның қызметін дамыту, бухгалтерлердің біліктілігін жоғарылату, сертификация және Палата мүшелерін Палата қызметіне енгізу сұрақтары талқыланды. Қатысушаылар Палатаның 2011 жылғы қызметі жайлы жақсы көзқарастар айтып, Палатаның аймақтардағы қызметін активизациялау бойынша ұсыныстарын жеткізді.

6. 18 мамыр Астрахань қ-да «ҚР кәсіби бухгалтерлер Палатасы» өкіліЛозовецкая Ю.Н., Астраханцева И.Е., Кубиев Е.Б. «ҚЕХС дәуірі. Іскер Каспий» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Ресейде ҚЕХС аспектілерін қолдану сұрақтары және Ресейде ҚЕХС көшу және халықаралық салық салу процесі талқыланды. «ҚР кәсіби бухгалтерлер Палатасы» баяндамашылары Астраханцева И.Е., Кубиев Е.Б., Кедендік Одақ қатысушы мемлекеттер заңнамасына аналитикалық шолу жүргізіп, Кедендік Одақта заң нормаларын қолдану тәжірибесімен бөлісті.

7. 01 маусым «ҚР бухгалетрелер Палатасы» ҚР салық заңнамасын қолданудағы туындайтын мәселелер бойынша сұрақтарды талқылау Дөңгелек Столына қатысты. Оны НЭПК «Атамекен» Одағы» Алматылық бөлімшесі өткізді. Қатысқандар: Кәсіби бухгалтерлер Палатасы мүшелері, ҚР Парламент Мәжілісі Хатшысы, Мәжіліс депутаты Мажилиса Никитинская Е.С., қалалық Әкімдік өкілдері, Алматы қ-сы салық департаменті жетекшілері және кәсіпкерлер.

8. 28-29 тамыз КБИ Ресей (Москва қ-сы) «ҚР кәсіби бухгалтерлер Палатасы» Басқараушы Төрағасы А.Х. Валиева мен КБИ «Ресей» директоры Е.И. Копосова арасында келіссөздер өткізілді. 2011 жылы стратегиялық серіктестік жайлы келісім жүргізген екі жақ, серіктестікті одан әрі дамытуда және ол екі ұйымның да мүшелерінің қызығушылықтаырн қанағаттандырады. Келіссөздер барысында екі жақтың да қызығушылықтарына сай пікірлер алмасып, кең көлемдегі сұрақтар талқыланды. Әсіресе, біліктілікті арттыру семинарлары тақырыптары, мүшелердің біліктілігін арттыру, аудиторияны ұлғайту сұрақтары орын алды. Екі жақ ортақ программаны жасау бойынша алға басты, ол программа екі мемлкеттің кәсіби бухгалтерлері қызметінің спейификалық аспектілерін қамтиды.

9. 02- 05 қазан Қазақстанның барлық аймақтарында Бухгалтерлер Күніне арналған «ҚР кәсіби бухгалтерлер Палатасы» мүшелеріне арналған Мерекелік жиналыс өткізілді. Бухгалтерлер: «ҚЕХС және Салық кодексіндегі соңғы өзгертулерге шолу», «Кедендік Одақ шеңберінде бухгалтерлік есепті жүргізу» тақырыптары бойынша дәрістерді тыңдады, бухгалтерлік кәсіпті дамыту бойынша көкейкесті мәселелерді талқылап, сонымен қатар сыйлықтар алды. Палатаның серіктестері іс-шараға қатысқандарға бағалы сыйлықтар ұсынды: ИС Бухгалтер ұсынған «Параграф» ақпараттық базасының 20 жазылымы, «Учет.кз» порталын қолдануға 20 жазылым, «Кәсіби сертификаттау медотологиялық орталығы» ұсынған «ҚР кәсиби бухгалтері» сертификаты бойынша емтихандарды тапсыруға дайындықтықтың толық курсына қатысуға 11 сертификат.

10. 14-16 қазан Лондон қаласында өткізілген, Халықаралық бухгалтерлер федерациясының (ХБФ) кәсіби ұйымдарын дамыту Комитетінің мәжілісінде ҚР кәсіби бухгалтерлер Палатасының Басқарма төрағасы А.Х.Валиева Палата қызметі туралы сәтті тұсаукесер өткізді. ХБФ-ның қарқынды дамып келе жатқан Палатаға деген қызығушылығы мол. Мәжілісте Еуропа, Азия, Африка, Австралия, Оңтүстік және Солтүстік Американың бухгалтерлік-аудиторлық бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Онда кәсіби ұйымдарды, мүшелікті дамыту, ХБФ міндеттемелерін ұстану, сапаны бақылау, қаржылық тұрақтылыққа жету сұрақтары талқыланды.

11. Маусым-тамыз айларында «ҚР кәсіби бухгалтерлер Палатасы» мүшелерімен Ақтөбе, Астана, Атырау, Павлодар, Семей, Тараз және Өскемен қалаларында Басқарма төрағасы А.Х. Валиевамен, Дамыту бойынша директор Ю.Н. Лозовецкаямен Палата қызметі, кәсіби бухгалтерлерді сертификаттау, біліктілікті арттыру, мүшелік, мүшелерге қызмет көрсету және кәсіби ұйымның қызметін Қазастанның барлық аймақтарына кеңейту сұрақтары бойынша бірқатар кездесулер өткізілді.

12. 11-12 қыркүйекте Ташкент қ-да Сертификатталған бухгалтерлердің және аудиторлардың Еуразиялық кеңесінің (СБАЕК) ортақ жиналысына қатысты. Онда маңызды стратегиялық шешімдер қабылданып, СБАЕК-нің жаңа басшылығы тағайындалды.

13. 14-15 қараша ОАР, Кейптаун қ-да, Халықаралық бухгалтерлер одағы кеңесіне (ХБО) қатысты. Онда ХБО-ның жаңа презитенді болып, Жаңа Зеландиялық Уоррен Аллен мырза тағайындалды және ХБО 2013-2016 жж. стратегиялық жоспары бекітіліп алты жаңа ассоциирленген мүшелер қабылданды.

14. «ҚР кәсіби бухгалтерлер Палатасы» мүшелерінің қажеттіліктерін анықтау мақсатымен Палата қызметі және аймақтардағы ұсынылатын қызметтер спектрін кеңейту сұрақтары бойынша он-лайн сауалнама өткізілді. Сауалнама қорытындылары Палатаның www.accountant.kz сайтында жарияланған.

15. «ҚР кәсіби бухгалтерлер Палатасы» мүшелері ӘСҚЕХС сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті оқыту бойынша программаларды дайындау мен енгізуді талқылады.

16. ҚР заңнамасы талаптарына сәйкес сертификаттау бойынша аккт\редиттелген ұйымдармен серіктестік жайлы келісім-шарт жасасты.

17. Кәсіби сертификаттаумен айналысатын 11 ұйымның құжаттарын талдап, ҚР Қаржы Министрлігіне сертификаттау бойынша ұйымдардың аккредитация ережелеріне және ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігі жайлы қорытындылар ұсынды.

18. Палатаның вебсайты (www.accountant.kz) әрдайым қазақ, орыс және ағылшын тілінде жаңартылып отырады.

19. Бухгалтерлерге арнап Форум арқылы он-лайн кеңестер жүргізіліп отырады.

20. 2012 жылы бүкіл Қазақстан бойынша біліктілікті арттыру бойынша 132 семинар өткізілді, мұнда 30% - 50% жеңілдік ұсынылып, олардың 62 тегін өткізілді.

21. Палата мүшелеріне жұмыс іздеу тегін көрсетілді. .

22. Палата кеңселерінде экономика мамандары студенттері тегін тәжірибеден өту мүмкіндігін алды. Алматы қ-ғы бас кеңседе 5 (бес) студент-бухгалтер тәжірибеден өтті.

23. КБИ Ресеймен келісім-шартқа сәйкес Палатаның 313 мүшесі 2012 жылы осы біліктілік аттестатын алды.

24. 2012 жылдың басынан Палатаның 357 мүшесі САР және Палатаның 21 мүшесі СІРА сертификатының иелері атанды.

25. Палатаның 854 мүшесі біліктілікті арттыру жайлы міндетті декларацияға ұсыныс беріп, сол арқылы өздерінің біліктілігінің деңгейін көрсетіп, өз САР, СІРА , ҚР кәсіби бухгалтері сертификаттарын үш күнтізбелік жылға дейн ұзартты.

26. ЖШС «Форум Медиа Қазақстанмен» серіктестік жайлы келісімге қол қойды. Аймақтардағы Палата өкілдіктерінде Палата мүшелеріне тегін қолдануға бухгалтерлік есепті жүргізу, кадрлық құжат айналымы және салық салу ақпараттары бойынша анықтамалар және дистер берілді.

27. 1С: Бухесеп және Сауда (БжәнеС) компаниясымен серіктестік құрылған. Алматы қ-ды мүшелерге 20 тегін семинарлар өткізіліп, 1С:Бухесеп және Сауда Оқу Орталығында 5-10% жеңілдікпен оқу программалары өткізіледі.

28. ҚР заңнамасы талаптарына сәйкес, Палата мүшелері Қазақстанның барлық аймақтарындағы бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау орталықтары өткізген «ҚР кәсіби бухгалтері» ұлттық сертификациялау емтихандарына бақылаушылар ретінде белсенді қатысты.

29. Палатаны әлеуметтік жобалары:
- «SOS Балалар ауылы» балаларына «Бухгалтерлік есепті жүргізу негіздері», «Салық салу негіздері» курстары бойынша тегін оқулар өткізді.
-Палата мүшелерімен бірігіп, «Учет.кз» және «Account World» порталымен бірігіп, «SOS Балалар ауылы» балаларын Жаңа Жылмен құттықтап, тәрбиеленушілердің жастарына сай жаңа жылдық сыйлықтар, жемістер мен тәттілер ұсынды.

30. СБАЕО комитетінде ҚЕХС орыс тіліне аударуына қатысты.

31. Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясының (ХБФ) кәсіби ұйымдарын дамыту бойынша Нұсқауды ағылшын тілінен орыс тіліне аударды.

32. Жыл ішінде Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясының (ХБФ) толық мүшесі беделіне ие болу жоспары бойынша жұмыс атқарды.

33. ҚР Қаржы Министрлігімен Консультациялық Кеңесі жұмысына және ҚЕХС-н қазақ тіліне аударуға қатысты.

34. 2012 жылы 11 бухгалтерлік ұйым Палатаның заңды мүшесіне айналды.

35. ҚР барлық аймақтарында Палата қызметі жетілдірілуде.

Распечатать
























Сайттың жаңартуын дата:
02.06.2014

Введите свое имя и телефон. Вам перезвонят.