Логин     Пароль   
 Тiркеу
БХФ
БХФ туралы

Бухгалтерлердің Халықаралық Федерациясы – бухгалтерлік мамандық (мұнда және бұдан кейін «accountant» ағылшын сөзінің тікелей аудармасы қолданылады, алайда бұл терминнің анағұрлым кең мағынасы білдіріледі, ол аудиторлар, бухгалтерлер мен қаржы саласында жұмыс істейтін басқа да жұмысшыларды қоса алғандағы бухгалтерлік мамандықтың барлық өкілдерін біріктіреді– аудармашының ескертуі) өкілдерін біріктіретін ғаламдық ұйым. Өзінің әлемдегі 123 еліндегі 159 ассоциацияланған мүшелерімен әріптес бола отырып БХФ әлемдегі бухгалтерлер мен аудиторлар қызметіне сапаны жоғары стандарттарын енгізуге көмектесу арқылы қоғамдық мұдделерді қорғайды.  Негізінен аудит және қаржылық есептілік облысындағы кәсіби ұлттық ұйымдар болып табылатын нақты және ассоциацияланған БХФ мүшелеріне мемлекеттік секторда, өндіріс пен саудада, үкімет пен академиялық ұйымдарда қызмет істейтін 2,5 миллион аудиторлар мен бухгалтер кіреді.

БІЗ НЕМЕН АЙНАЛЫСАМЫЗ

Стандарттарды белгілейтін өзінің тәуелсіз құрылымдары арқылы БХФ этика, аудит, білім беру мен ақпараттың шынайылығын дәлелдеу бойынша тапсырмалар бойынша халықаралық стандарттарды, сонымен қатар мемелекеттік сектордағы қаржылық есептілік стандарттарын жасап шығарады.  БХФ сонымен қатар кәсіпкерлік сферасы, кіші және орта бизнесте қызмет істейтін кәсіби бухгалтерлер үшін, сонымен қатар мамандық енді қалыптасып келе жатқан елдерде жұмыс істейтін кәсіби бухгалтерлер үшін  әдістемелік ұсыныстар жасап шығарады. Бұған қоса, IFAC қоғамдық қызықушылық танытатын тақырыптар бойынша өз ережелерін жариялап отырады.

Оның ролін ұйымдастыру туралы қосымша ақпарат жиынтық кестеде көрсетілген.

ҚҰРЫЛЫМ МЕН БАСШЫЛЫҚ

БХФ мүшеліктің ашық болу қағидасын бірте-бірте жүзеге асыруда. Сондықтан оның құрылымы мен корпоративтік басқаруы  оның мүшелерінің әртүрлі жоспарлы қызығушылықтарын және олардың кәсіби бухгалтерлердің қызметіне әсер ететін басқа ұйымдармен қарым-қатынасын қарастырады.

МИССИЯ МЕН СТРАТЕГИЯ

Қоғамдық мүдде үшін қызмет ету, және осы мақсатпен бүкіл әлемде бухгалтерлік мамандықты нығайтуды жалғастыру, жоғарысапалы кәсіби стандарттарды сақтау қағидасын жасап оынң иаралуына ықпал ету арқылы, осы стандарттардың халықаралық масштабта ары қарайғы жанасуы мен кәсіп құзыреттілігіне кіретін қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша өз ойын білдіру арқылы әртүрлі елдердің экономикасының нығаюына көмек көрсету.

2009-2012 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардастратегиялық жоспарға жетудің басты мақсаттары және БХФ өзі өкілдік ететін әртүрлі топтардың: қоғамның, нақты және ассоцияциаланған мүшелердің, компаниялардың және бүкіл әлемдегі мамандықтың басқа да өкілдерінің мүдделеріне қалай қызмет көрсететіні белгіленген.

Жаңалықтары БХФ

Распечатать
























Сайттың жаңартуын дата:
02.06.2014

Введите свое имя и телефон. Вам перезвонят.