Логин     Пароль   
 Тiркеу
Сайт жаңалықтары
13.08.2010
Қазақстанда Бухгалтерлік Есеп пен Аудитті Қоғамдық Бақылау Кеңесі Жұмыс Істей Бастады
Қазақстанда бірінші рет бухгалтерлер мен аудиторлардың бірнеше коммерциялық емес ұйымдарымен Қазақстан Республикасында Қаржылық есептілік пен аудиттің халықаралық стандарттарын қолдануды Қоғамдық Бақылау Кеңесі құрылды.

Кеңесті құруды бастаған «Аудиторлар коллегиясы», «ҚР Кәсіби бухгалтерлерінің палатасы» және «Кәсіби бухгалтерлер форумы».

Кеңестің басты міндеті – инвесторларды, акционерлерді, қоғам мен мемлекетті сапалы қаржылық және аудиторлық есептілікпен қамтамасыз етуге ықпал ету. Бұл бастама мемлекетке бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша мәселелерді шешуге көмектесу қажеттілігінен пайда болды.  

Кеңестің бірінші отырысында қызметтің аса маңызды мақсаттары анықталды, жұмыс жоспары мен жұмыс кестесі бекітілді.  

Толығырақ
29.07.2010
Украинаның Кәсіби Бухгалтерлері мен Аудиторлары Федерациясымен (УКБА) әріптестік
2010 жылдың 26 шілде айында Украинаның Кәсіби Бухгалтерлері мен Аудиторлары Федерациясы (УКБА) және "ҚР Кәсіби бухгалтерлерінің палатасы" БКҰ арасында Меморандумға қол қойылды.

Бұл Меморандум бухгалтерлік есеп, аудит және осыларға жататын облыстардағы әріптестік пен өзара қолдау көрсетуді қарастырады. Екі ұйым да  CIPA бағдарламасының дамуын қолдайтын сертификатталған халықаралық кәсіби бухгалтерлердің Еуразиялық кеңесінің мүшелері болып табылады. 

Украинаның Кәсіби Бухгалтерлері мен Аудиторлары Федерациясы (УКБА) Бухгалтерлердің Халықаралық Федерациясының (IFAC) нақты мүшесі болып табылады, басқа халықаралық ұйымдармен белсенді түрле қарым-қатынас жасайды және Украинаның бухгалтерлік және аудиторлық қызмет нарығында он жылдан астам уақыт сәтті жұмыс істейді. 

Меморандумды көшіріп алу (ru)
Меморандумды көшіріп алу (eng)
26.07.2010
ҚР Қаржы Министрлігінде аккредитация жүргізуге құжаттарды дайындау
Құрметті бухгалтерлер!

"ҚР Кәсіби бухгалтерлерінің палатасы" БКҰ бухгалтерлердің кәсіби ұйымы ретінде «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредитациялау ережелеріне» сәйкес ҚР Қаржы Министрлігінде аккредитация алу үшін құжаттар дайындауда.

Палатаға мүшелікке 2009 жылдан бұрын кірген барлық мүшелерді келесідей құжаттарды:

Еңбек тәжірибесін (соңғы бес жылдың екі жылдан кем емесі бухгалтерлік есеп сферасындағы стажының болуын) дәлелдейтін нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесін немесе ұйымның оригинал мөрі басылған еңбек келісім-шартын біздің келесі мекен-жайымызға жіберулеріңізді сұраймыз:

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 58, Гоголь к-сі қиылысы, офис 64. Тел./факс: 250 58 99, 279 20 84, 250 85  

Қолдау көрсеткендеріңізге рахмет!


Атқарушы дирекция.
22.07.2010
Тегін Семинар, 23 шілде, Павлодар қ.: «Салық Заңнамасын Бұзу Тәуекелін Бағалау»
Біліктілікті арттыру шарасы шегінде "ҚР Кәсіби бухгалтерлерінің палатасы" БКҰ мүшелерін Павлодар қаласында өтетін тегін семинарға шақырамыз:
«Салық Заңнамасын Бұзу Тәуекелін Бағалау»

Жаттықтырушы: Вирясова М.А.
Семинар бағасы: тегін
Семинарды өткізу күні: 23 шілде 2010 жыл
Семинарды өткізу уақыты:15.00-17.00 (3 ак.сағ.)
Семинарды өткізу орны: Жеңіс алаңы, 5, каб. 516

Семинарға қатысу үшін алдын-ала жазылу керек:
Тел: +7(7182) 32-15-85, 32-24-76.
21.07.2010
Семинар, 23 шілде, Алматы қ. - «Салықтық Есептік Саясат». Біліктілікті арттыру!
Салықтық есептік саясат не үшін қажет?
Нормативтік база қандай?
Салықтық есептік саясатты салық түрлері мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша  қалай жасау керек?

Сонымен қатар Салық төлеушілердің салықтық есептік саясатының ерекшеліктері:

• қазба байлықтарымен айналысатындардың;
• коммерциялық емес ұйымдардың;
• әлеуметтік сферада қызмет атқаратын ұйымдардың;
• АЭЗ территориясында қызметін жүзеге асыратындардың;
• арнайы салық режимдерін қолданатындардың.

Семинар аяқталғаннан кейін сіздер өз ұйымыңыз үшін Салықтық есептік саясатын өздігіңізден жасап шығару үшін қажетті білім алып шығасыз!

Семинар бағдарламасын қарау
20.07.2010
Семинар, 27-29 шілде, Алматы қ.: «ҚЕХС (IAS) 7. Ақша Қаражаттары Ағымы Туралы Есеп Беру». Біліктілікті арттыру
Құрметті бухгалтерлер!

«ҚЕХС (IAS) 7. Ақша Қаражаттары Ағымы Туралы Есеп Беру» неден тұрады?

Бухгалтерік баланс пен Пайда мен шығындар туралы есеп беруде көрсетілген ақпарат негізінде Есеп беруді қалай қайта қалпына келтіруге болады?

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаты ағымын тура және жанама әдістермен көрсету дұрыс жасалғаны туралы қалай білуге болады?

Осы семинарға қатысу арқылы ҚЕХС 7-мен жұмыс істеуді тәжірибе жүзінде үйренуге бола ма?


Семинар бағдарламасын қарау
19.07.2010
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Кеңес Беруші Органының Жиналысының Пресс-релизі

Жиналыс барысында ДипИФР (орысша); ҚЕХС (IFRS) 9 «Қаржы құралдары» қолдану; үміткерлердің 3-ші деңгейі үшін: жетілген, орташа және бастапқы бағдарламалар мен модульдер жасау бойынша емтиханын тапсырған кәсіби бухгалтер болуға үміткерлерді «ҚЕХС-қа сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша емтихан тапсырудан босату туралы мәселелер, сонымен қатар жоғарғы және жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейінгі білім беру жүйесінде бухгалтерлік есеп және аудит  облысында мамандарды дайындауға қатысты мәселелер қарастырылды.

19.07.2010
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Кеңес беруші Органы мәжілісінің пресс-релизі
2010 жылдың 25 маусым айында Кеңес беруші органың кезекті  жиналысы өтті.

Жиналыс барысында ДипИФР (орысша); ҚЕХС (IFRS) 9 «Қаржы құралдары» қолдану; үміткерлердің 3-ші деңгейі үшін: жетілген, орташа және бастапқы бағдарламалар мен модульдер жасау бойынша емтиханын тапсырған кәсіби бухгалтер болуға үміткерлерді «ҚЕХС-қа сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша емтихан тапсырудан босату туралы мәселелер, сонымен қатар жоғарғы және жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейінгі білім беру жүйесінде бухгалтерлік есеп және аудит  облысында мамандарды дайындауға қатысты мәселелер қарастырылды.

Жиналыс барысында кәсіби аудиторлық ұйымдардың Бәсекеқабілеттіктің ғаламдық индексі «Аудит жүргізу және есептілік стандарттарының деңгейі» индикаторы рейтингін жақсарту үшін жасалып жатқан шаралар туралы баяндамалары тыңдалды. 

Толығырақ
14.07.2010
ҚР Қаржы Министрлігінде аккредитация жүргізуге құжаттарды дайындау
Құрметті бухгалтерлер!

"ҚР Кәсіби бухгалтерлерінің палатасы" БКҰ бухгалтерлердің кәсіби ұйымы ретінде «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредитациялау ережелеріне» сәйкес ҚР Қаржы Министрлігінде аккредитация алу үшін құжаттар дайындауда.

Палатаға мүшелікке 2009 жылдан бұрын кірген барлық мүшелерді келесідей құжаттарды:

Еңбек тәжірибесін (соңғы бес жылдың екі жылдан кем емесі бухгалтерлік есеп сферасындағы стажының болуын) дәлелдейтін нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесін немесе ұйымның оригинал мөрі басылған еңбек келісім-шартын біздің келесі мекен-жайымызға жіберулеріңізді сұраймыз:

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 58, Гоголь к-сі қиылысы, офис 64. Тел./факс: 250 58 99, 279 20 84, 250 85

Қолдау көрсеткендеріңізге рахмет!


Атқарушы дирекция.
14.07.2010
г. Алматы қ. өтетін семинар: "ҚР Еңбек Кодексіне шолу"
Құрметті бухгалтерлер!

Біліктілікті арттыру шарасы шегінде сіздерді келесідей семинарға шақырамыз:
«ҚР Еңбек Кодексіне шолу»

Жаттықтырушы: Сартаева С.
Семинар бағасы: 12 000 тенге
Семинарды өткізу күні: 22 шілде 2010 жыл
Семинарды өткізу уақыты: 16.00 - 19.00 (4 ак.сағ.)

Семинарды өткізу орны: Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 58, Гоголь к-сі қиылысы, офис 64.

"ҚР Кәсіби бухгалтерлерінің палатасы" БКҰ мүшелері үшін 50% жеңілдік, басқа кәсіби ұйымдардың мүшелері үшін 20% жеңілдік.
Тел: 279 20 84, 250 85 24, 250 58 99.

Орын саны шектеулі!
























Сайттың жаңартуын дата:
02.06.2014

Введите свое имя и телефон. Вам перезвонят.