Логин     Пароль   
 Тiркеу
ҚР Кәсіби бухгалтерлері палатасының Жаңалықтары
03.08.2010
Алматы қ. вакансия: ЖШС-ға сертификаты бар Бухгалтер керек
Құрметті ізденушілер!

Бухгалтерлік ұйымға сертификаты бар бухгалтер (CAP/CIPA) керек.

Қойылатын талаптар:
1. Жоғарғы экономикалық білімі бар
2. Бухгалтер қызметінде 5 жылдан кем емес уақыт жұмыс істеген
3. Қалада тіркелген
Жалақысы: әңгімелесу нәтижесі бойынша

Резюмені келесі адреске жіберіңіз: job@accountant.kz . " ЖШС-ға сертификаты бар Бухгалтер" деген ескертуі бар болсын.
Факс бойынша: 250 58 99, 250 85 24, 279 20 84.
03.08.2010
"Өз Біліміңді Тексер" атты
Жаңа тақырып:
"Заңсыз жолмен алынған табыстарды легализациялауға және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет"!

БухВикторинаға қатысыңыздар!

БухВикторинаға сілтеме
02.08.2010
Семинар, 23 шілде, Алматы қ. - «Салықтық Есептік Саясат». Біліктілікті арттыру!
Салықтық есептік саясат не үшін қажет?
Нормативтік база қандай?
Салықтық есептік саясатты салық түрлері мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша  қалай жасау керек?

Сонымен қатар Салық төлеушілердің салықтық есептік саясатының ерекшеліктері:

• қазба байлықтарымен айналысатындардың;
• коммерциялық емес ұйымдардың;
• әлеуметтік сферада қызмет атқаратын ұйымдардың;
• АЭЗ территориясында қызметін жүзеге асыратындардың;
• арнайы салық режимдерін қолданатындардың.

Семинар аяқталғаннан кейін сіздер өз ұйымыңыз үшін Салықтық есептік саясатын өздігіңізден жасап шығару үшін қажетті білім алып шығасыз!

Семинар бағдарламасын қарау
02.08.2010
Семинар, 27-29 шілде, Алматы қ.: «ҚЕХС (IAS) 7. Ақша Қаражаттары Ағымы Туралы Есеп Беру». Біліктілікті арттыру
Құрметті бухгалтерлер!

«ҚЕХС (IAS) 7. Ақша Қаражаттары Ағымы Туралы Есеп Беру» неден тұрады?

Бухгалтерік баланс пен Пайда мен шығындар туралы есеп беруде көрсетілген ақпарат негізінде Есеп беруді қалай қайта қалпына келтіруге болады?

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаты ағымын тура және жанама әдістермен көрсету дұрыс жасалғаны туралы қалай білуге болады?

Осы семинарға қатысу арқылы ҚЕХС 7-мен жұмыс істеуді тәжірибе жүзінде үйренуге бола ма?


Семинар бағдарламасын қарау
02.08.2010
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Кеңес беруші Органы мәжілісінің пресс-релизі
2010 жылдың 25 маусым айында Кеңес беруші органың кезекті  жиналысы өтті.

Жиналыс барысында ДипИФР (орысша); ҚЕХС (IFRS) 9 «Қаржы құралдары» қолдану; үміткерлердің 3-ші деңгейі үшін: жетілген, орташа және бастапқы бағдарламалар мен модульдер жасау бойынша емтиханын тапсырған кәсіби бухгалтер болуға үміткерлерді «ҚЕХС-қа сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша емтихан тапсырудан босату туралы мәселелер, сонымен қатар жоғарғы және жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейінгі білім беру жүйесінде бухгалтерлік есеп және аудит  облысында мамандарды дайындауға қатысты мәселелер қарастырылды.

Жиналыс барысында кәсіби аудиторлық ұйымдардың Бәсекеқабілеттіктің ғаламдық индексі «Аудит жүргізу және есептілік стандарттарының деңгейі» индикаторы рейтингін жақсарту үшін жасалып жатқан шаралар туралы баяндамалары тыңдалды.  

Толығырақ
02.08.2010
Бухгалтерлерге Кеңестер!
Бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша сұрақтарға жауапты қайдан алуға болады?

Арнайы Сіздер үшін біздің Форумда тәжірибелі бухалтерлер Сіздердің сұрақтарыңызға тегін кәсіби жауап береді!

Форумда тіркеліп өз сұрақтарыңызды қойыңыз!
02.08.2010
БХФ Кәсіби Бухгалтерлердің Этика кодексіндегі өзгерістер
2009 жылдың шілде айында Бухгалтерлерге арналған Этика стандарттары бойынша халықаралық кеңес (IESBA) қайта қаралған кәсіби бухгалтерлердің Этика кодексін басып шығарды. Қайта қаралған Этика кодексі 2011 жылдың 1 қаңтар айынан күшіне енеді.

Қайта қаралған Кодекске келесідей тәуелсіздікке қойылатын талаптарды күшейтуге бағытталған өзгерістер енгізілді:

• тәуелсіздікке қойылған талаптардың компания биржасында тіркелген аудиторларға, қоғам қызығушылық танытатын барлық компанияларға таралуы;

• аудиторлық фирманың белгілі бір мүшелерін жұмыстан шығарғаннан кейін олардың белгілі бір уақыт өткеннен кейін ғана қоғам қызығушылық танытатын компанияға – аудит бойынша өзінің бұрынғы клиентіне белгілі бір қызметке тұра алуы;

• әріптестерді ротациялау бойынша талаптардың аудит бойынша барлық негізгі әріптестерге қойылуы;

• аудит бойынша клиенттерге аудиттік емес қызметтерді көрсетуге жататын шарттарды қатаңдату;

• қоғамдық қызығушылық танытатын аудит бойынша белгілі бір клиенттен түскен қаламақы сомасы фирманың соңғы екі жыл ішінде тапқан жалпы қаламақысының 15%-нан асып кеткен жағдайда қорытынды жасау алдында немесе жасағаннан кейін тексеріс жүргізуді талап ету.
 
Этика Кодексін салыстыру (2006 жылың шілде айында шыққан) мен Этика Кодексін (2009 жылдың маусым айында шыққан) көшіріп алу
02.08.2010
г. Алматы қ. Өтетін семинар: "ҚР Еңбек Кодексіне шолу"
Құрметті бухгалтерлер!

Біліктілікті арттыру шарасы шегінде сіздерді келесідей семинарға шақырамыз:
«ҚР Еңбек Кодексіне шолу»

Жаттықтырушы: Сартаева С.
Семинар бағасы: 12 000 тенге
Семинарды өткізу күні: 22 шілде 2010 жыл
Семинарды өткізу уақыты: 16.00 - 19.00 (4 ак.сағ.)

Семинарды өткізу орны: Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 58, Гоголь к-сі қиылысы, офис 64.

"ҚР Кәсіби бухгалтерлерінің палатасы" БКҰ мүшелері үшін 50% жеңілдік, басқа кәсіби ұйымдардың мүшелері үшін 20% жеңілдік.
Тел: 279 20 84, 250 85 24, 250 58 99.

Орын саны шектеулі!
02.08.2010
ҚР Қаржы Министрлігінде аккредитация жүргізуге құжаттарды дайындау
Құрметті бухгалтерлер!

"ҚР Кәсіби бухгалтерлерінің палатасы" БКҰ бухгалтерлердің кәсіби ұйымы ретінде «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредитациялау ережелеріне» сәйкес ҚР Қаржы Министрлігінде аккредитация алу үшін құжаттар дайындауда.

Палатаға мүшелікке 2009 жылдан бұрын кірген барлық мүшелерді келесідей құжаттарды:

Еңбек тәжірибесін (соңғы бес жылдың екі жылдан кем емесі бухгалтерлік есеп сферасындағы стажының болуын) дәлелдейтін нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесін немесе ұйымның оригинал мөрі басылған еңбек келісім-шартын біздің келесі мекен-жайымызға жіберулеріңізді сұраймыз:

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 58, Гоголь к-сі қиылысы, офис 64. Тел./факс: 250 58 99, 279 20 84, 250 85

Қолдау көрсеткендеріңізге рахмет!


Атқарушы дирекция.
02.08.2010
Қазақстанда Бухгалтерлік Есеп пен Аудитті Қоғамдық Бақылау Кеңесі Жұмыс Істей Бастады
Қазақстанда бірінші рет бухгалтерлер мен аудиторлардың бірнеше коммерциялық емес ұйымдарымен Қазақстан Республикасында Қаржылық есептілік пен аудиттің халықаралық стандарттарын қолдануды Қоғамдық Бақылау Кеңесі құрылды.

Кеңесті құруды бастаған «Аудиторлар коллегиясы», «ҚР Кәсіби бухгалтерлерінің палатасы» және «Кәсіби бухгалтерлер форумы».

Кеңестің басты міндеті – инвесторларды, акционерлерді, қоғам мен мемлекетті сапалы қаржылық және аудиторлық есептілікпен қамтамасыз етуге ықпал ету. Бұл бастама мемлекетке бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша мәселелерді шешуге көмектесу қажеттілігінен пайда болды.  

Кеңестің бірінші отырысында қызметтің аса маңызды мақсаттары анықталды, жұмыс жоспары мен жұмыс кестесі бекітілді.  

Толығырақ
























Сайттың жаңартуын дата:
02.06.2014

Введите свое имя и телефон. Вам перезвонят.