Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5798.webspace/www/accountant.kz/kaz/engine/modules/show.full.php on line 292 DataLife Engine > Версия для печати > Біз туралы Тарих
DataLife Engine > Біз туралы > Біз туралы Тарих

Біз туралы Тарих


04.04.2011. Разместил: admin
"ҚР Кәсіби бухгалтерлерінің палатасы" БКҰ бухгалтерлердің кәсіби ұйымы ретінде  2008 жылы 15 сәуірде оның мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін жылжыту және қорғау, бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттар негізінде ары қарайғы дамуына ықпал ету, кәсіби бухгатерлерді дайындау және қайта дайындауға көмек көрсету мақсатымен қайта құрылды.

Палата сертификатталған бухгалтерлер мен аудиторлардың Еуразиялық кеңесінің (СБАЕК) құрылтайшыларының бірі болды, және  2000 жылдан бастап бухгалтерлерді сертификациялау процесіне тарту бойынша актвті жұмыс жүргізуде. Қазіргі кезде Палатада  2000нан астам адам мүшелік етеді.

ҚР БКП» БКҰ   Қазақстанның 14 аймағында өкілдігі бар:

Астана қ.;
Ақмола облысы (Кокшетау);
Ақтөбе облысы (Ақтөбе);
Манғыстау облысы (Ақтау);
Павлодар облысы (Павлодар);
Сқлтүстік Қазақстан облысы (Петропавловск);
Қостанай облысы (Қостанай);
Қарағанды облысы (Қарағанды);
Оңтүстік Қазақстан облысы (Шымкент);
Шығыс Қазақстан облысы (Өскемен);
Атырау облысы (Атырау);
Батыс Қазақстан облысы (Орал);
Жамбыл облысы (Тараз);
Қызылорда облысы (Қызылорда).

" Қазақстан Республикасының Кәсіби бухгалтерлерінің палатасының" БКҰ өкілдіктері туралы толығырақ ақпаратты келесі сайттан табуға болады:

www.accountant.kz.

Біздің мақсатымыз

Біздің мақсатымыз халықаралық стандарттарды енгізу мен бухгалтерлердің активті кәсіби қызметі үшін жағдай жасау болып табылады.  Бухгалтерлік және салық заңнамаларын, бухгалтерлік есеп аумағындағы нормативті-құқықтық актілерін жетілдіру бойынша ұмыныстарды жасап шығару және енгізу. Тәжірибе алмасу мақсатымен семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да шаралар өткізу. Палатаның Жарғысы мен жарғылық құжаттар Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы (IFAC) талаптарына сай жасалған. Бухглатерлік есепті жүргізудің ұлттық стандарттарынан халықаралық стандарттарға өтуін алдын ала болжай келе, "ҚР Кәсіби бухгалтерлерінің палатасы"  кәсіби ұйым ретінде жаңа стандарттарды ары қарай енгізу мен жетілдіру үшін Бухгалтерлердің Халықаралық федерациясының (IFAC) мүшесі болуды көздеуде.